О внесении изменений в решение Денисовского районного маслихата от 17 ноября 2014 года № 66 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Денисовского районного маслихата от 17 ноября 2014 года № 66 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 14
- Қабылданған күні
- 01.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 10.07.2024 101634_711909.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16NH006297
- ЭКБ идентификаторы
- 101634
- Редакция идентификаторы
- 101634_711909
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:48
0 Денисов аудандық мәслихатының
2014 жылғы 17 қарашадағы № 66
«Тұрғын үй көмегін көрсету
қағидасын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 97-бабының 2-тармағына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 9 желтоқсанда № 5215 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегін «Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) тоқсан сайын тағайындайды.
Өтініш беру, қызмет көрсету нәтижесін ұсыну және тұрғын үй көмегін көрсету мерзімдерінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;
3-тармақ алынып тасталсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратады.
«Денисов ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ С.Ф. Рахметова
2016 жыл «1» сәуір
«Денисов ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысының
міндетін атқарушы
_______________ Л. А. Дранчуковская
2016 жыл «1» сәуір