Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в решение Денисовского районного маслихата от 17 ноября 2014 года № 66 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»

Ереже · № 23 · қабылданған 04.04.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2014-no-66-ekb-130482/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в решение Денисовского районного маслихата от 17 ноября 2014 года № 66 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи» Күшін жойған Ереже ·№ 23 ·04.04.2019
10.07.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в решение Денисовского районного маслихата от 17 ноября 2014 года № 66 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»

Күшін жойған Ереже ·№ 23 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в решение Денисовского районного маслихата от 17 ноября 2014 года № 66 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
23
Қабылданған күні
04.04.2019
Көрсетілген редакция
10.07.2024 130482_711903.kaz
Соңғы өзгеріс
10.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NH008338
ЭКБ идентификаторы
130482
Редакция идентификаторы
130482_711903
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:31

0 Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Денисов аудандық мәслихатының «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 шешіміне (2014 жылғы 26 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5215 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегі тоқсанына бір рет «Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) тағайындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) (не нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалына немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталына балама негізде өтініш береді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген) көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;
көрсетілген шешім мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Стандарттың 4-тармағында көзделген мерзімде ұсынады.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы