О внесении изменений в решение маслихата Денисовского района Костанайской области от 17 ноября 2014 года № 66 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Денисовском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата Денисовского района Костанайской области от 17 ноября 2014 года № 66 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Денисовском районе»
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 «Денисов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 75
- Қабылданған күні
- 17.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 10.07.2024 188780_711905.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23NH010088
- ЭКБ идентификаторы
- 188780
- Редакция идентификаторы
- 188780_711905
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:40
0 Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 «Денисов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мәслихаттың «Денисов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» мәслихаттың 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5215 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.»;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу Министрдің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бұйрығымен реттеледі.».