Құжат мәтініне өту

«О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 ноября 2014 года № 819 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка учреждений уголовно-исполнительной системы»

Бұйрық · № 789 · қабылданған 10.09.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2014-no-819-ekb-134659/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
«О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 ноября 2014 года № 819 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка учреждений уголовно-исполнительной системы» Қолданыста Бұйрық ·№ 789 ·10.09.2019
10.09.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.09.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

«О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 ноября 2014 года № 819 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка учреждений уголовно-исполнительной системы»

Қолданыста Бұйрық ·№ 789 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
«О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 ноября 2014 года № 819 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка учреждений уголовно-исполнительной системы»
Атауы (қаз.)
«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
789
Қабылданған күні
10.09.2019
Көрсетілген редакция
10.09.2019 134659_421307.kaz
Соңғы өзгеріс
10.09.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019376
ЭКБ идентификаторы
134659
Редакция идентификаторы
134659_421307
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:33

0 «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің

iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда № 9984 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы
13 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларында
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«55. Сотталғандардың мекенжайына келіп түскен сауқат, сәлемдеме және бандерольдер олардың ішіндегілерінің тiзбесi мен салмағы сәлемдемелер мен бандерольдерді беруді есепке алу журналына тіркеледі, оның нысаны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы
№ 36 қбпү бұйрығымен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жете тексеру мен тінту жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14922 болып тіркелген) (бұдан әрі - ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру қағидалары) көрсетілген.
Бiр сауқаттың немесе бандерольдің ең жоғары салмағы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы
29 шілдедегі № 65 бұйрығымен бекітілген Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14370 болып тіркелген) (бұдан әрі - Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидалары) сәйкес айқындалады.
Бiр сәлемдеменiң салмағы 20 килограмнан аспайды.»;
102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«102. Телефон арқылы сөйлесулер, оның ішінде техникалық мүмкіндіктер болған кезде бейнебайланыс жүйесін пайдаланумен, сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін мекеме бастығы не оны алмастыратын адамның атына сотталғанның жазбаша өтінімі негізінде, кезектілігі және кестеге сәйкес ұсынылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің

Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы