О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 ноября 2014 года № 819 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка учреждений уголовно-исполнительной системы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 ноября 2014 года № 819 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка учреждений уголовно-исполнительной системы»
- Атауы (қаз.)
- «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 82
- Қабылданған күні
- 05.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 05.02.2020 139454_443589.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020015
- ЭКБ идентификаторы
- 139454
- Редакция идентификаторы
- 139454_443589
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:08
0 «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда № 9984 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларында:
11- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Сотталғандарды жасақтар (бөлiмшелер) және камералар бойынша бөлу туралы шешiмді олардың жеке тұлғалық ерекшелiктерiн, олардың еңбекке тартылуын, жалпы және кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнде оқуын ескере отырып, мекеме бастығы басқаратын мекеме комиссиясы қабылдайды. Комиссияның құрамына мекеме бастығының орынбасарлары, күзет, жедел, режим, тәрбие, арнайы, медициналық, психологиялық, өндiрiстiк қызметтердiң өкiлдерi кіредi. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде комиссия құрамына, бұдан басқа, жалпы бiлiм беретін мектептiң және өндiрiстiк-техникалық училищенiң қызметкерлерi кiредi. Комиссия талқылауының нәтижесі бойынша мекеме бастығының бұйрығы шығарылады.
Террористік немесе экстремистік қылмыстар үшін сотталғандарды қоспағанда күш қолданумен байланысты емес қылмыстар үшін сотталғандар бөлек ұсталады.»;
147- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«147. Камералық ұстау мекемесiне келген сотталғандарды кезекшi немесе оның орынбасары жедел бөлініс қызметкерінің және психологтың келiсімі бойынша карантин бөлiмшесінің камераларына орналастырады. Карантинде болудың белгiленген мерзiмi аяқталғаннан кейiн сотталғандарды мекеме комиссиясы камералар бойынша бөледi. Бiрге қылмыс жасаған, сондай-ақ туыстық байланыстары бар сотталғандар жеке (бөлек корпустарға) орналастырылады. Мекеме әкiмшiлiгi олардың арасында байланыстарды болдырмау бойынша шаралар қабылдайды.
Террористік немесе экстремистік қылмыстар үшін сотталғандарды қоспағанда күш қолданумен байланысты емес қылмыстар үшін сотталғандар бөлек ұсталады.»