О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 ноября 2014 года № 819 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка учреждений уголовно-исполнительной системы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 ноября 2014 года № 819 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка учреждений уголовно-исполнительной системы»
- Атауы (қаз.)
- «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 196
- Қабылданған күні
- 05.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 05.04.2021 154394_517396.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022515
- ЭКБ идентификаторы
- 154394
- Редакция идентификаторы
- 154394_517396
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:47
0 «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда № 9984 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларында:
76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«76. Сотталғандарға: сәлемдеме алу құқығымен ұзақтығы екі сағат қысқа мерзімді, ұзақтығы 2 тәулік ұзақ мерзімді мекеме аумағында кездесулер берілді. Кәмелетке толмаған сотталғандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде сотталғандарға бұдан басқа ұзақтығы 5 тәулікке дейін мекеме аумағынан тыс жерде тұрумен ұзақ мерзімді кездесу беріледі. Сотталғанның немесе кездесуге келген адамның жазбаша өтініші бойынша кездесу бір тәулікке немесе кездесу ұзақтығы қысқаруы мүмкін. Бұл ретте, кездесу толықтай пайдаланылған болып саналады.
Сотталғанның асырап алған және кәмелетке толмаған балаларына онымен кездесу алардың заңды өкілдерінің еріп жүруімен беріледі.
Қысқа мерзімді кездесулер бөлме биіктігі бойынша органикалық шыныдан жасалған (сотталғандар және келушілер үшін) арнайы қалқалармен өзара бөлініп орнатылған үстелдер арқылы арнайы жабдықталған бөлмелерде өткізіледі. Бөлмелерде сөйлесу құрылғысы бар кабиналар орнатылады.
Жазаны өтеудің жеңілдікті жағдайындағы сотталғандарға қысқа мерзімді кездесулер сотталғандар мен келушілер үшін араларын оқшаулатқыш аралық жабынмен бөлмей орнатылатын үстелдер арқылы арнайы жабдықталған бөлмелерде ұсынылады.
Жазаны өтеудің дағдылы, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларындағы сотталғандарға олар келіскен кезде қысқа мерзімді кездесулер сондай-ақ бейнебайланыс арқылы ұсынылады.
Жазаны өтеудің қатаң жағдайындағы сотталғандарға бейнебайланыс арқылы қысқа мерзімді кездесулер эпидемияға қарсы режимдік-шектеу шараларын өткізумен байланысты кездесулер тоқтатылған кезеңде ұсынылады.
Бейнебайланыс арқылы қысқа мерзімді кездесулер бейнекездесулер өткізу үшін техникалық жабдықтармен және байланыспен жабдықталған арнайы бөлмелерде ұсынылады.»;