Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 ноября 2014 года № 819 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка учреждений уголовно-исполнительной системы»

Бұйрық · № 143 · қабылданған 07.02.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2014-no-819-ekb-178574/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 ноября 2014 года № 819 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка учреждений уголовно-исполнительной системы» Қолданыста Бұйрық ·№ 143 ·07.02.2023
07.02.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 ноября 2014 года № 819 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка учреждений уголовно-исполнительной системы»

Қолданыста Бұйрық ·№ 143 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 ноября 2014 года № 819 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка учреждений уголовно-исполнительной системы»
Атауы (қаз.)
«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
143
Қабылданған күні
07.02.2023
Көрсетілген редакция
07.02.2023 178574_618309.kaz
Соңғы өзгеріс
07.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031872
ЭКБ идентификаторы
178574
Редакция идентификаторы
178574_618309
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:28

0 «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларында:
76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«76. Сотталғандарға: сәлемдеме алу құқығымен ұзақтығы екі сағат қысқа мерзімді, ұзақтығы 2 тәулік ұзақ мерзімді мекеме аумағында кездесулер берілді. Кәмелетке толмаған сотталғандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде сотталғандарға бұдан басқа ұзақтығы 5 тәулікке дейін мекеме аумағынан тыс жерде тұрумен ұзақ мерзімді кездесу беріледі. Сотталғанның немесе кездесуге келген адамның жазбаша өтініші бойынша кездесу бір тәулікке немесе кездесу ұзақтығы қысқаруы мүмкін. Бұл ретте, кездесу толықтай пайдаланылған болып саналады.
Сотталғанның асырап алған және кәмелетке толмаған балаларына онымен кездесу алардың заңды өкілдерінің еріп жүруімен беріледі.
Қысқа мерзімді кездесулер бөлме биіктігі бойынша органикалық шыныдан жасалған (сотталғандар және келушілер үшін) арнайы қалқалармен өзара бөлініп орнатылған үстелдер арқылы арнайы жабдықталған бөлмелерде өткізіледі. Бөлмелерде сөйлесу құрылғысы бар кабиналар орнатылады.
Жазаны өтеудің жеңілдікті жағдайындағы сотталғандарға қысқа мерзімді кездесулер сотталғандар мен келушілер үшін араларын оқшаулатқыш аралық жабынмен бөлмей орнатылатын үстелдер арқылы арнайы жабдықталған бөлмелерде ұсынылады.
Сотталғандарға олар келіскен кезде қысқа мерзімді кездесулер сондай-ақ бейнебайланыс арқылы ұсынылады.
Бейнебайланыс арқылы қысқа мерзімді кездесулер бейнекездесулер өткізу үшін техникалық жабдықтармен және байланыспен жабдықталған арнайы бөлмелерде ұсынылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы