Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 ноября 2014 года № 819 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка учреждений уголовно-исполнительной системы»

Бұйрық · № 385 · қабылданған 05.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2014-no-819-ekb-180903/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 ноября 2014 года № 819 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка учреждений уголовно-исполнительной системы» Қолданыста 05.05.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 ноября 2014 года № 819 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка учреждений уголовно-исполнительной системы»

Қолданыста Бұйрық № 385 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 ноября 2014 года № 819 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка учреждений уголовно-исполнительной системы»
Атауы (қаз.)
«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
385
Қабылданған күні
05.05.2023
Көрсетілген редакция
05.05.2023 180903_631273.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032446
ЭКБ идентификаторы
180903
Редакция идентификаторы
180903_631273
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:15
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларында:
163-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«163. Орташа қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жеңiлдiктi жағдайларда жазаны өтейтін сотталғандар нысаны қылмыстық-атқару қызметі саласында уәкілетті органмен белгіленетін рұқсатнама негізінде мекемелер шегінен тыс жерде тұру және қозғалу құқығына ие болады, рұқсатнама нысаны ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру қағидаларында көрсетілген.».

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2023 жылғы 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.