О внесении изменения в решение акима Бурлинского района от 17 марта 2014 года №9 «Об образовании избирательных участков на территории Бурлинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Бурлинского района от 17 марта 2014 года №9 «Об образовании избирательных участков на территории Бурлинского района»
- Атауы (қаз.)
- Бөрлі ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 наурыздағы №9 «Бөрлі ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 36
- Қабылданған күні
- 02.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 02.12.2015 96752_39869.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ZC004177
- ЭКБ идентификаторы
- 96752
- Редакция идентификаторы
- 96752_39869
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:19
0 Бөрлі ауданы әкімінің
2014 жылғы 17 наурыздағы №9
«Бөрлі ауданы аумағында
сайлау учаскелерін құру туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы
Заңының 33-бабына сәйкес және Бөрлі аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының келісімі бойынша, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бөрлі ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 наурыздағы №9 «Бөрлі
ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3506 тіркелген, 2014 жылғы 8 мамырда «Бөрлі Жаршысы-Бурлинские Вести» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасымен құрылған Бөрлі ауданы аумағындағы сайлау учаскелерінің тізіміндегі:
№88 сайлау учаскесі мынадай редакцияда жазылсын:
«№88 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақсай қаласы, Советская көшесі, №95 үй, аудандық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекарасы: Ақсай қаласы, Советская көшесінің тақ бетіндегі №75 үйден №101 үйге дейін, Советская көшесінің жұп бетіндегі №52 үйден №72 үйге
дейін, Тихоненко көшесінің тақ бетіндегі №43 үйден №83 үйге дейін,
Тихоненко көшесінің жұп бетіндегі №34 үйден №44 үйге дейін, Октябрьская көшесінің тақ бетіндегі №13 үйден №45 үйге дейін, Октябрьская көшесінің жұп бетіндегі №14 үйден №44 үйге дейін, Чингирлауская көшесінің тақ бетіндегі
№1 үйден №37 үйге дейін, Чингирлауская көшесінің жұп бетіндегі №2 үйден №42 үйге дейін, Цвилинг көшесінің тақ бетіндегі №61 үйден №97 үйге дейін, Цвилинг көшесінің жұп бетіндегі №54 үйден №90 үйге дейін, Чапаев көшесінің тақ бетіндегі №3/1 үйден №7/2 үйге дейін, Чапаев көшесінің жұп бетіндегі №2 үйден №38 үйге дейін, Арыстанов көшесінің тақ бетіндегі №1 үйден №5 үйге дейін, Арыстанов көшесінің жұп бетіндегі №2 үйден №10 үйге дейін, Кооперативная көшесінің жұп бетіндегі №2 үйден №30 үйге дейін, Утвинская көшесінің тақ бетіндегі №1/1 үйден №25 үйге дейін, Утвинская көшесінің жұп бетіндегі №3А үйден №18 үйге дейін, Бөрлі көшесінің тақ бетіндегі №1 үйден №35 үйге дейін, Бөрлі көшесінің жұп бетіндегі №2 үйден №28 үйге дейін, Ақбұлақ көшесінің тақ бетіндегі №1 үйден №25 үйге дейін, Ақбұлақ көшесінің жұп бетіндегі №2 үйден №28 үйге дейін, Жаңаталап көшесінің тақ бетіндегі №1 үйден №21 үйге дейін, Байжиен көшесінің тақ бетіндегі №1 үйден №41 үйге дейін, Байжиен көшесінің жұп бетіндегі №2 үйден №20 үйге дейін, Железнодорожная көшесінің тақ бетіндегі №17/1 үйден №37 үйге дейін, Железнодорожная көшесінің жұп бетіндегі №76 үйден №90 үйге дейін, Юбилейная көшесінің тақ бетіндегі №1 үйден №7 үйге дейін, Юбилейная көшесінің жұп бетіндегі №2 үйден №12 үйге дейін, Линейная көшесінің жұп бетіндегі №38 үйден №50 үйге дейін тұрғын үйлері.».
2. Аудан әкімі аппаратының басшысы (М.Давлетжанов) Бөрлі
ауданының сайлау учаскелерiндегі өзгерістер туралы сайлаушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыруды ұйымдастырсын.
3. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар
бөлімінің басшысы (А.Дарисов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз
етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М. Давлетжановқа жүктелсін.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап
қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Бөрлі аудандық (аумақтық) сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________Ж.Каналин
«2» желтоқсан 2015 жыл