О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 февраля 2015 года № 118 «Об утверждении Правил проведения военно-врачебной экспертизы и Положения об органах военно-врачебной экспертизы Национальной гвардии Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 февраля 2015 года № 118 «Об утверждении Правил проведения военно-врачебной экспертизы и Положения об органах военно-врачебной экспертизы Национальной гвардии Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларын және Әскери-дәрігерлік, сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16
- Қабылданған күні
- 14.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 16.10.2020 138766_488987.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000019895
- ЭКБ идентификаторы
- 138766
- Редакция идентификаторы
- 138766_488987
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:23
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларын және Әскери-дәрігерлік, сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларын және Әскери-дәрігерлік, сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10337 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларында:
124-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«124. Осы Қағидалардың 121-123-тармақтарында көрсетілген санаттағы азаматтарға науқастанудың себепті байланысын анықтау кезінде штаттық ӘДК «Иондаушы сәулелену әсерімен байланысты аурулардың тізбесін және себептік байланысын анықтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № ҚР ДСМ-24 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 18499 болып тіркелген) бекітілген Иондаушы сәулелену әсерімен байланысты аурулардың тізбесін, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы қорғаныс министрліктерінің әскери қызмет өткеру туралы архивтік деректерін басшылыққа алады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы
(Р.Ф. Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың
1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
2020 жылғы «____» _________