О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 17 сентября 2015 года № 158-1639 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление занятости, труда и социальной защиты города Астаны»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 17 сентября 2015 года № 158-1639 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление занятости, труда и социальной защиты города Астаны»
- Атауы (қаз.)
- «Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 158-1639 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 158-611
- Қабылданған күні
- 30.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2018 101798_297943.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16ABW01009
- ЭКБ идентификаторы
- 101798
- Редакция идентификаторы
- 101798_297943
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:53
0 «Астана қаласының Жұмыспен қамту,
еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту
туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы
17 қыркүйектегі № 158-1639 қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 158-1639 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 953 болып тiркелген, «Астана ақшамы» газетінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 117 (3322), «Вечерняя Астана» газетінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 117 (3340) нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
16-тармақта:
5), 6) тармақшалар алынып тасталсын;
7), 16), 25), 30) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруға қатысу;»;
«16) бейімдеу және интеграциялау қызметтерін алу мақсатында оралмандардың және олардың отбасы мүшелерінің уақытша тұруын қамтамасыз ету;»;
«25) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру;»;
«30) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру кестелерін әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 32-1), 32-2), 32-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«32-1) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысу;
32-2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізу;
32-3) жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асыру;»;
17-тармақта:
7), 8), 10), 14), 17), 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру;
8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан, нұсқау алудан, білімін тексеруден өтпеген жұмыскерлерді жұмыстан шеттету, сондай-ақ кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту үшін жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар беру;»;
«10) жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасында белгіленген, шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі мен шарттарын сақтауы тұрғысынан тексеру жүргізу;»;
«14) бақылау субъектісіне бару арқылы жүргізілетін бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыру;»;
«17) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар ету;»;
«20) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысу;»;
Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Астана қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.».
2
2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзiмдi баспа басылымдарында жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.