Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 17 марта 2015 года № 178 «Об утверждении Правил проведения и определения организатора электронного аукциона по продаже имущества (активов) должника (банкрота)»

Бұйрық · № 5 · қабылданған 09.01.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2015-no-178-ekb-128489/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 17 марта 2015 года № 178 «Об утверждении Правил проведения и определения организатора электронного аукциона по продаже имущества (активов) должника (банкрота)» Қолданыста Бұйрық ·№ 5 ·09.01.2019
09.01.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 17 марта 2015 года № 178 «Об утверждении Правил проведения и определения организатора электронного аукциона по продаже имущества (активов) должника (банкрота)»

Қолданыста Бұйрық ·№ 5 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 17 марта 2015 года № 178 «Об утверждении Правил проведения и определения организатора электронного аукциона по продаже имущества (активов) должника (банкрота)»
Атауы (қаз.)
«Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5
Қабылданған күні
09.01.2019
Көрсетілген редакция
09.01.2019 128489_386083.kaz
Соңғы өзгеріс
09.01.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018179
ЭКБ идентификаторы
128489
Редакция идентификаторы
128489_386083
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:24

0 «Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10753 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
аталған бұйрықпен бекітілген, Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларында:
2-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) ұйымдастырушы - уәкілетті органмен айқындалған және сатушымен борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу бойынша электрондық қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан заңды тұлға;»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Ұйымдастырушы тізілімнің веб-порталын пайдаланушыларға, оның ішінде облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан аумақтық бөлімшелері арқылы консультациялық көмек көрсетеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы