О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 марта 2015 года № 212 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 марта 2015 года № 212 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 43
- Қабылданған күні
- 14.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2021 154733_519754.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022553
- ЭКБ идентификаторы
- 154733
- Редакция идентификаторы
- 154733_519754
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:38
0 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде №10467 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында:
53-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«53-1. Жылжымайтын мүлік объектісін мүліктік жалдағаны (жалға алғаны) үшін жалдау ақысы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 2020 жылғы 20 маусымнан бастап 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғандағы кезеңде есептелмейді.
Жылжымайтын мүлік объектісін мүліктік жалдағаны (жалға алғаны) үшін жалдау ақысынан босату негізгі шартқа қосымша келісім жасасу жолымен жүзеге асырылады.».
2 2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі