Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 марта 2015 года № 212 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)»

Бұйрық · № 100 · қабылданған 02.10.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2015-no-212-ekb-215167/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 марта 2015 года № 212 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)» Қолданыста Бұйрық ·№ 100 ·02.10.2025
02.10.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 марта 2015 года № 212 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)»

Қолданыста Бұйрық ·№ 100 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 марта 2015 года № 212 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
100
Қабылданған күні
02.10.2025
Қолданысқа енгізілген күні
19.10.2025
Көрсетілген редакция
02.10.2025 215167_783573.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500037046
ЭКБ идентификаторы
215167
Редакция идентификаторы
215167_783573
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 01:49

0 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10467 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жалдау шарты оның талаптары тиісінше орындалған кезде шарттың қолданылу мерзімін ұзарту құқығымен 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімге жасалады.
Инвестициялар туралы қол қойылған келісімдер шеңберінде жалға берілген не берілетін объектілерге бұл қолданылмайды – жалдау шартының қолданылу мерзімі, шарт талаптарының тиісінше орындалуы кезіндегі ұзартуды ескере отырып, 25 (жиырма бес) жылдан аспауға тиіс.
Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту негізгі шартқа қосымша келісім жасасу жолымен жүзеге асырылады.
Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы қосымша келісімдер 2 (екі) реттен артық жасалмайды, бұл ретте ұзартудың жиынтық мерзімі 3 (үш) жылдан аспауға тиіс.
Қол қойылған инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде жалға берілген не берілетін объектілерді қоспағанда, негізгі шартты және қосымша келісімдерді қоса алғанда, шарттың жалпы қолданылу мерзімі 6 (алты) жылдан аспауға тиіс.
Негізгі шартқа қосымша келісім егер баланс ұстаушы шарт мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын бас тарту себебін көрсете отырып, жалға берушіге шарттың қолданылу мерзімін ұзартудан жазбаша бас тартуды ұсынбаса, жалға алушының шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініші негізінде жасалады.
Жалға алушының шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға өтініші объектінің, оны балансында ұстаушының атауы көрсетіле отырып, тізілімнің веб-порталында шарт аяқталғанға дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей электрондық нысанда ресімделеді.
Шартқа қосымша келісім тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және оған жалға беруші мен жалға алушы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.
Заңның 74-бабының 7-тармағына сәйкес мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты осы Заңның 120-бабында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында тікелей көзделген жағдайларда жалдаушыға (жалға алушыға) жалдауға (жалға алуға) берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару туралы талапты көздеуі мүмкін.».

2

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі

Қолданыстағы