Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 марта 2015 года № 212 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)»

Бұйрық · № 438 · қабылданған 19.06.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2015-no-212-ekb-91175/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 марта 2015 года № 212 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)» Қолданыста Бұйрық ·№ 438 ·19.06.2015
19.06.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 марта 2015 года № 212 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)»

Қолданыста Бұйрық ·№ 438 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 марта 2015 года № 212 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
438
Қабылданған күні
19.06.2015
Көрсетілген редакция
19.06.2015 91175_47356.kaz
Соңғы өзгеріс
19.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011417
ЭКБ идентификаторы
91175
Редакция идентификаторы
91175_47356
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:29

0 «Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика Министрінің
2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 17 наурызда № 10467 болып тіркелген, № 83 (28561) 2015 жылғы 5 мамырдағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысын есептеу осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, жайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушы қызметінің түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін, қолданылатын коэффициенттердің базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері негізінде анықталып, мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
мұнда:
Ап – жылына мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Рбс - 1 шаршы метрге жылына теңге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі;
S - жалға алынатын алаң, шаршы метр;
Кт - құрылыс үлгісі ескерілетін коэффициент;
Кк - тұрғын емес үй-жайдың түрі ескерілетін коэффициент;
Кск - қолайлылық дәрежесін ескерілетін коэффициент;
Кр - аумақтық орналасуын ескерілетін коэффициент;
Квд - жалдаушының қызмет түрі ескерілетін коэффициент;
Копф - жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициент;
Жабдықтарды, автокөлік құралдары мен басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысын есептеу айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Ап = С х Nam/100 х Кп
мұнда:
Ап - жылына жабдықтар, көлік құралдары мен басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
С - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;
100 пайыз тозуы есептелген жабдықтарды, көлік құралдары мен басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
Nam - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
Кп - төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады - 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,5 мөлшерінде).
Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін, сондай-ақ жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды сағат бойынша мүліктік жалдауға (жалға алу) ұсыну кезінде жалдау ақысын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Ач = Ап/12/Д/24,
мұнда:
Ач – сағатына мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Ап – жылына мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Д – объектілерді мүліктік жалдауға беру жүзеге асырылатын айдағы күндер саны.
Ғимараттағы үй-жайлардың бір бөлігін жалдағаны үшін төленетін ақыны есептеу кезінде мүліктік жалдауға (жалға алу) берілген ауданның 25 % мөлшерінде осы аудандарды жалға алушының жалпы пайдаланымдағы орындарға қолжетімділігі ескерілуі қажет.
Мемлекеттік орта білім мекемелерінде орналасқан, мүліктік жалға берілген (жалға берілген) үй-жайларды жалға алу ақысының мөлшерлемесін есептеу, орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттар жасаған өнім берушілерге жазбаша өтініш берген кезде бір оқу жылына (тиісті жылдың 1 қыркүйегінен 1 маусымға дейін) жүргізіледі.
Мемлекеттік заңды тұлғалардың түскі ас залдары бар асханаларын мүліктік жалға беру (жалдау) кезінде, жалдау есептеуіне тек тағам блогы мен қосалқы үй-жайлар алаңы қосылады, ал түскі ас залдарының алаңы мүліктік жалға берілмейді.»;
2-қосымшада:
«
4
Аумақтық орналасуы ескерілетін коэффициент (Кр):
4.1 Астана және Алматы қалалары үшін
3
4.2 облыс орталықтары және Байқоңыр қаласы үшін
2
4.3 облыстық маңызы бар қалалар үшін
1,5
4.4 аудан орталықтары үшін
1
4.5 кент, ауыл
0,5
» деген жол;
мынадай редакцияда жазылсын:
«
4
Аумақтық орналасуы ескерілетін коэффициент (Кр):
4.1 Астана және Алматы қалалары үшін
республикалық меншік үшін -3;
коммуналдық меншік үшін - 2
4.2 облыс орталықтары және Байқоңыр қаласы үшін
2
4.3 облыстық маңызы бар қалалар үшін
1,5
4.4 аудан орталықтары үшін
1
4.5 кент, ауыл
0,5
».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзiмдi баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 19 маусым

Қолданыстағы