О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 17 июля 2015 года № 212/7 «Об утверждении регламента государственной услуги «Принятие Республикой Казахстан прав на имущество негосударственных юридических лиц и физических лиц по договору дарения в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 17 июля 2015 года № 212/7 «Об утверждении регламента государственной услуги «Принятие Республикой Казахстан прав на имущество негосударственных юридических лиц и физических лиц по договору дарения в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 212/7 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 161/4
- Қабылданған күні
- 26.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 26.02.2018 103587_300923.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16P0005146
- ЭКБ идентификаторы
- 103587
- Редакция идентификаторы
- 103587_300923
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:01
0 Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 17 шілдедегі
«Қазақстан Республикасының
Үкіметі айқындайтын тәртіппен
сыйға тарту шарты бойынша
мемлекеттік емес заңды тұлғалардың
және жеке тұлғалардың мүлік
құқықтарын Қазақстан Республикасының
қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентін бекіту туралы»
№ 212/7 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3 - тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 212/7 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4675 болып тіркелді, 2015 жылғы 11 қыркүйекте «Регион.kz» газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің барлық мәтінінде «халыққа қызмет көрсету орталығымен» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен» деген сөздермен ауыстырылсын және «халыққа қызмет көрсету орталығы» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. «Павлодар облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.