Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 17 июля 2015 года № 249 «Об утверждении формы представления отчетности организатора игорного бизнеса, Правил осуществления сбора и анализа отчетности, представляемой организатором игорного бизнеса»

Бұйрық · № 209 · қабылданған 08.07.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2015-no-249-ekb-156896/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 17 июля 2015 года № 249 «Об утверждении формы представления отчетности организатора игорного бизнеса, Правил осуществления сбора и анализа отчетности, представляемой организатором игорного бизнеса» Қолданыста Бұйрық ·№ 209 ·08.07.2021
08.07.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 17 июля 2015 года № 249 «Об утверждении формы представления отчетности организатора игорного бизнеса, Правил осуществления сбора и анализа отчетности, представляемой организатором игорного бизнеса»

Қолданыста Бұйрық ·№ 209 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 17 июля 2015 года № 249 «Об утверждении формы представления отчетности организатора игорного бизнеса, Правил осуществления сбора и анализа отчетности, представляемой организатором игорного бизнеса»
Атауы (қаз.)
«Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шiлдедегi № 249 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
209
Қабылданған күні
08.07.2021
Көрсетілген редакция
08.07.2021 156896_537736.kaz
Соңғы өзгеріс
08.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100023413
ЭКБ идентификаторы
156896
Редакция идентификаторы
156896_537736
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:39

0 «Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шiлдедегi № 249 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11948 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысаны;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілік нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Есептілікті жинауды жүзеге асыру тәртібі»;
5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«5. Есептілік мынадай ақпаратты қамтиды:
1) ойын жабдығының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;
2) бейне жазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;
3) ойын автоматына технологиялық салынған ұтыстың белгіленген пайызы туралы мәлімет;
4) лицензия алған кезде көрсетілген ойын үстелдері санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер;
5) кассалар тізімі мен қызметкерлер саны туралы мәліметтер;
6) қызмет түрінен төленген жалпы салық сомасы туралы мәліметтер;
7) букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары (болған жағдайда) металл есікпен, брондалған шынымен және жеке күзет ұйымының немесе аумақтық ішкі істер органы кезекші бөлімінің орталықтандырылған пультіне қосылған дабыл сигнализациясымен жарақтандырылу туралы мәліметтер.»;
3-тараудың тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Есептілікті талдауды жүзеге асыру тәртібі».

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты қолданысқа енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

0 Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 8 шілдедегі
№ 209
бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 249 бұйрығына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне
Әкімшілік деректер нысаны
интернет-ресурста орналастырылған: www.msm.gov.kz
Индекс: 1-(ОИБ)
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: ойын бизнесін ұйымдастырушылар (құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар)
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, тоқсанына бір рет.

Ой­ын жабды­ғы­ның ата­уы және тү­рі
Ой­ын жаб­дық­та­ры­ның са­ны
Се­ри­я­лық нө­мі­рі
Ел және өн­ді­ру­ші за­уыт
Ой­ын жабды­ғы­ның, ой­ын ав­то­мат­та­ры­ның тех­ни­ка­лық жай-күйі
Жаб­дық­ты те­сті­леу кү­ні
Бейне жа­зу жүй­е­ле­рі­нің тех­ни­ка­лық жай-күйі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Ой­ын ав­то­ма­ты­на тех­но­ло­ги­я­лық са­лын­ған ұты­стың бел­гі­лен­ген пай­ы­зы (ой­ын ав­то­мат­та­ры за­лы үшін)
Бейне жа­зу жүй­е­сі­нің ата­уы
Са­ны
Тех­ни­ка­лық жағ­дайы
Жаб­дық­ты те­сті­леу кү­ні
да­на
да­на
%
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Кестенің жалғасы
Үстел­дер са­ны­ның өзге­руі, жаб­дық­ты ауы­сты­ру ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Ауы­сты­ры­л­ған жаб­дық­тың се­ри­я­лық нө­мі­рі
Ли­цен­зия алу ке­зін­де көр­се­ті­л­ген ой­ын үстел­де­рі­нің са­ны
Ой­ын үстел­де­рі са­ны­ның ұл­ғай­ты­л­ға­ны және қы­сқар­ты­л­ға­ны ту­ра­лы ақ­па­рат
да­на
13
14
15
кестенің жалғасы
Кассалар және қызметкерлер саны туралы мәліметтер
Қызмет түрінен төленген салықтың жалпы сомасы
Букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары (болған жағдайда) металл есікпен, брондалған шынымен және жеке күзет ұйымының немесе аумақтық ішкі істер органы кезекші бөлімінің орталықтандырылған пультіне қосылған дабыл сигнализациясымен жарақтандырылу туралы мәліметтер
Елді мекен (облыс, қала)
Кассаның орналасқан жері (мекенжайы)
Қызметкерлер саны
адам
теңге
16
17
18
19
20
Ұйымның атауы: _________________________________________________________________________
Қызмет түрі _____________________________________________________________________________
Заңды мекен-жайы ______________________________________________________________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________________________
Интернет-ресурс (болған жағдайда)_________________________________________________________
Телефон: _______________________________________________________________________________
Берілген лицензияның нөмірі мен күні______________________________________________________
Жауапты тұлға _________________________________ қолы _____________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға
______________________________________________ қолы _____________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны (болған жағдайда)

1

1 1. Осы түсіндірме ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2 2. Нысанды ойын бизнесін ұйымдастырушылар (құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар) толтырады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне ұсынады.

3 3. Нысан ойын бизнесін ұйымдастырушы басшысының не оны алмастыратын тұлғаның қолымен (міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып), сондай-ақ ұйымның мөрімен (болған жағдайда) расталады.

4 4. Нысан тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей ұсынылады.

2

1 1. 1-бағанда реттік нөмірі толтырылады;

2 2. 2-бағанда ойын жабдығының атауы мен түрі көрсетіледі;

3 3. 3-бағанда ойын жабдығының саны көрсетіледі;

4 4. 4-бағанда ойын жабдығының сериялық нөмірі көрсетіледі;

5 5. 5-бағанда ойын жабдығын дайындаушы ел және өндіруші зауыт көрсетіледі;

6 6. 6-бағанда ойын жабдығының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі көрсетіледі;

7 7. 7-бағанда ойын жабдығын тестілеу күні көрсетіледі;

8 8. 8, 9, 10, 11-бағандарда бейне жазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер, оның ішінде бейне жазу жүйесінің атауы, жабдықтың саны, техникалық жай-күйі, тестілеу күні көрсетіледі;

9 9. 12-бағанда ойын автоматтарына технологиялық салынған ұтыстың белгіленген пайызы көрсетіледі (ойын автоматтары залдар үшін);

10 10. 13, 14, 15-бағандарда үстелдер санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер, оның ішінде ауыстырылған жабдықтың сериялық нөмірі, лицензия алу кезінде көрсетілген ойын үстелдерінің саны, ойын үстелдерінің санын ұлғайту және қысқарту туралы ақпарат көрсетіледі;

11 11. 16, 17, 18-бағандарда кассалар және жұмыскерлер саны, оның ішінде елді мекен (облыс, қала), кассаның орналасқан жері (мекенжайы), жұмыскерлер саны туралы мәліметтер көрсетіледі;

12 12. 19-бағанда қызмет түрінен төленген салықтың жалпы сомасы көрсетіледі;

13

13. 20-бағанда букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары (болған жағдайда) металл есікпен, брондалған шынымен және жеке күзет ұйымының немесе аумақтық ішкі істер органы кезекші бөлімінің орталықтандырылған пультіне қосылған дабыл сигнализациясымен жарақтандырылу туралы мәліметтер көрсетіледі.

Қолданыстағы