Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 17 июля 2015 года № 249 «Об утверждении формы представления отчетности организатора игорного бизнеса, Правил осуществления сбора и анализа отчетности, представляемой организатором игорного бизнеса»

Бұйрық · № 107 · қабылданған 26.04.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2015-no-249-ekb-180618/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 17 июля 2015 года № 249 «Об утверждении формы представления отчетности организатора игорного бизнеса, Правил осуществления сбора и анализа отчетности, представляемой организатором игорного бизнеса» Қолданыста Бұйрық ·№ 107 ·26.04.2023
26.04.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 17 июля 2015 года № 249 «Об утверждении формы представления отчетности организатора игорного бизнеса, Правил осуществления сбора и анализа отчетности, представляемой организатором игорного бизнеса»

Қолданыста Бұйрық ·№ 107 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 17 июля 2015 года № 249 «Об утверждении формы представления отчетности организатора игорного бизнеса, Правил осуществления сбора и анализа отчетности, представляемой организатором игорного бизнеса»
Атауы (қаз.)
«Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шiлдедегi № 249 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
107
Қабылданған күні
26.04.2023
Көрсетілген редакция
26.04.2023 180618_627820.kaz
Соңғы өзгеріс
26.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032406
ЭКБ идентификаторы
180618
Редакция идентификаторы
180618_627820
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:31

0 «Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шiлдедегi № 249 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 249 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11948 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинау және талдау тәртібін айқындайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Есептілік мынадай ақпаратты қамтиды:
1) ойын жабдығының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;
2) бейне жазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;
3) ойын автоматына технологиялық салынған ұтыстың белгіленген пайызы туралы мәлімет;
4) лицензия алған кезде көрсетілген ойын үстелдері санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер;
5) кассалар тізімі мен қызметкерлер саны туралы мәліметтер;
6) ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны пайдаланғаны үшін төленген төлем сомасы туралы мәліметтер;
7) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған міндетті резервтер түріндегі әрбір лицензияға қамтамасыз етудің сомасы туралы мәліметтер;
8) ойын бизнесін ұйымдастырушының құрылтайшылар құрамындағы бенефициарлық меншік иелері, басшылары және ойын бизнесін ұйымдастырушының бірінші басшылары туралы мәліметтер.».

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросы

0 Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілігін ұсыну нысаны

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2023 жылғы 26 сәуірдегі
№ 107 бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 249 бұйрығына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған : www.msm.gov.kz
Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілігін ұсыну нысаны
Есепті кезең ________20__жыл
Индексі: 1-(ОИБ)
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: ойын бизнесін ұйымдастырушылар (құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар)
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, тоқсанына бір рет

Ой­ын жабды­ғы­ның ата­уы және тү­рі
Ой­ын жабды­ғы­ның са­ны
Се­ри­я­лық нө­мі­рі
Ел және өн­ді­ру­ші за­уыт
Ой­ын жабды­ғы­ның, ой­ын ав­то­мат­та­ры­ның тех­ни­ка­лық жай-күйі
Жаб­дық­ты те­сті­леу кү­ні
Бейне жа­зу жүй­е­ле­рі­нің тех­ни­ка­лық жай-күйі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Ой­ын ав­то­ма­ты­на тех­но­ло­ги­я­лық са­лын­ған ұты­стың бел­гі­лен­ген пай­ы­зы (ой­ын ав­то­мат­та­ры за­лы үшін)
Үстел­дер са­ны­ның өзге­руі, жаб­дық­ты ауы­сты­ру ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Бейне жа­зу жүй­е­сі­нің ата­уы
Са­ны
Тех­ни­ка­лық жай-күйі
Жаб­дық­ты те­сті­леу кү­ні
Ауы­сты­ры­ла­тын жаб­дық­тың се­ри­я­лық нө­мі­рі
Ли­цен­зия алу ке­зін­де көр­се­ті­л­ген ой­ын үстел­де­рі­нің са­ны
Ой­ын үстел­де­рі са­ны­ның ұл­ғай­ты­л­ға­ны және қы­сқар­ты­л­ға­ны ту­ра­лы ақ­па­рат
да­на
да­на
%
да­на
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
кестенің жалғасы
Кассалар саны және қызметкерлер саны туралы мәліметтер
Лицензияны пайдаланғаны үшін төленген төлем сомасы
Міндетті резервтер сомасы
Ойын бизнесін ұйымдастырушының құрылтайшылар құрамындағы бенефициарлық меншік иелері, басшылары және ойын бизнесін ұйымдастырушының бірінші басшылары туралы мәліметтер
Елді мекен (облыс, қала)
Кассаның орналасқан жері (мекен-жайы)
Қызметкерлер саны
адам
теңге
теңге
16
17
18
19
20
21
Ұйымның атауы: __________________________________________________________________
Қызмет түрі ______________________________________________________________________
Заңды мекен-жайы _______________________________________________________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________________
Интернет-ресурс (болған жағдайда) _________________________________________________
Телефон: ________________________________________________________________________
Берілген лицензияның нөмірі мен күні
________________________________________________________________________________
Жауапты тұлға _________________________________ қолы _____________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға
______________________________________________ қолы ____________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны (болған жағдайда)
Әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілік нысаны
(Индекс: 1 - (ОИБ), кезеңділігі: тоқсан сайын)

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы түсіндірме ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2 2. Нысанды ойын бизнесін ұйымдастырушылар (құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар) толтырады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне ұсынады.

3 3. Нысан ойын бизнесін ұйымдастырушы басшысының не оны алмастыратын тұлғаның қолымен (міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып), сондай-ақ ұйымның мөрімен (болған жағдайда) расталады.

4 4. Нысан тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей ұсынылады.

2 2 тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

5 5. 1-бағанда реттік нөмірі толтырылады;

6 6. 2-бағанда ойын жабдығының атауы және түрі көрсетіледі;

7 7. 3-бағанда ойын жабдығының саны көрсетіледі;

8 8. 4-бағанда ойын жабдығының сериялық нөмірі көрсетіледі;

9 9. 5-бағанда ойын жабдығын дайындаушы ел және өндіруші зауыт көрсетіледі;

10 10. 6-бағанда ойын жабдығының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі көрсетіледі;

11 11. 7-бағанда ойын жабдығын тестілеу күні көрсетіледі;

12 12. 8, 9, 10, 11-бағандарда бейне жазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер, оның ішінде бейне жазу жүйесінің атауы, жабдықтың саны, техникалық жай-күйі, тестілеу күні көрсетіледі;

13 13. 12-бағанда ойын автоматтарына технологиялық салынған ұтыстың белгіленген пайызы көрсетіледі (ойын автоматтары залдар үшін);

14 14. 13, 14, 15-бағандарда үстелдер санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер, оның ішінде ауыстырылған жабдықтың сериялық нөмірі, лицензия алу кезінде көрсетілген ойын үстелдерінің саны, ойын үстелдер санының ұлғайтылғаны және қысқартылғаны туралы мәліметтер көрсетіледі;

15 15. 16, 17, 18-бағандарда кассалар және қызметкерлер саны, оның ішінде елді мекен (облыс, қала), кассаның орналасқан жері (мекенжайы), қызметкерлер саны туралы мәліметтер көрсетіледі;

16 16. 19-бағанда ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны пайдаланғаны үшін төленген төлем сомасы туралы мәліметтер көрсетіледі;

17 17. 20-бағанда ойын бизнесін ұйымдастырушыда «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған міндетті резервтер түріндегі әрбір лицензияға қамтамасыз етудің болуы туралы мәліметтер көрсетіледі;

18 18. 21-бағанда ойын бизнесін ұйымдастырушының құрылтайшылар құрамындағы бенефициарлық меншік иелері, басшылары және ойын бизнесін ұйымдастырушының бірінші басшылары туралы мәліметтер көрсетіледі.

Қолданыстағы