О внесении изменений в постановление акимата Шалкарского района от 17 ноября 2015 года № 259 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы по Шалкарскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Шалкарского района от 17 ноября 2015 года № 259 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы по Шалкарскому району»
- Атауы (қаз.)
- Шалқар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 259 «Шалқар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 236
- Қабылданған күні
- 22.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 11.02.2021 116741_510712.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17CM005722
- ЭКБ идентификаторы
- 116741
- Редакция идентификаторы
- 116741_510712
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:12
0 Шалқар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 259 «Шалқар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 5 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шалқар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 259 «Шалқар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4636 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 желтоқсанда аудандық «Шежірелі өлке» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Шалқар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы»;
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Шалқар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасында:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Шалқар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері»;
«Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері /теңге/» төртінші бағаны алынып тасталсын.