О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 17 сентября 2015 года № 281 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере архитектурно – градостроительной деятельности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 17 сентября 2015 года № 281 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере архитектурно – градостроительной деятельности»
- Атауы (қаз.)
- «Сәулет-қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 281 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 91
- Қабылданған күні
- 01.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2020 101703_471792.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16U0003726
- ЭКБ идентификаторы
- 101703
- Редакция идентификаторы
- 101703_471792
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:49
0 «Сәулет-қала құрылысы
саласындағы мемлекеттік
көрсетілетін қызметтердің
регламенттерін бекіту туралы»
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы
17 қыркүйектегі №281 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі №281 «Сәулет-қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3377-болып тіркелген, 2015 жылғы 31 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерiстер енгізілсін:
көрсетілген қаулының «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті» деген 1-қосымшасында:
атауындағы «бойынша» деген сөз «жөнінде» деген сөзбен ауыстырылсын;
«1. Жалпы ережелер» деген тарауда:
1-тармақтағы «халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі-Орталық)» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №257 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, беру, жою болып табылады.»;
бүкіл мәтіні бойынша «ХҚКО-ға», «Орталыққа», «Орталықтың», «Орталық», «Халыққа қызмет көрсету орталығымен» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік корпорацияға», «Мемлекеттік корпорацияға», «Мемлекеттік корпорацияның», «Мемлекеттік корпорацияның», «Мемлекеттік корпорациясымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
көрсетілген қаулының «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті» деген 2-қосымшасында:
«1. Жалпы ережелер» деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар аудандары мен қалалары жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1)көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2)«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3)www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурызда №257 бұйрығымен бекітілген «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес және келесі бастапқы материалдарды:
техникалық шарттарды;
сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемаларын;
егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесін;
тік жоспарлау белгілерін;
жолдар мен көшелердің көлденең қималарын қоса берумен сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру.»;
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
8-тармақтағы «5. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті» деген 3-қосымшасында:
«1. Жалпы ережелер» деген тарауда:
1-тармақтағы «халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі-Орталық)» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау» деген 2-тарауда:
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының №257 бұйрығымен бекітілген «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағымен көзделген қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге табыстайды;»;
бүкіл мәтіні бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығымен», «Орталыққа», «Орталықтың», «Орталық» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік корпорациясымен», «Мемлекеттік корпорацияға», «Мемлекеттік корпорацияның», «Мемлекеттік корпорацияның» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау».
2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1)осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2 2)осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А. Сатыбалдыға жүктелсін.
Д.Сатыбалды
Е.Садыр
Ұ.Сәдібеков
С.Тұяқбаев
А.Абдуллаев
К.Мендебаев