О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 17 ноября 2015 года № 303 «Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 17 ноября 2015 года № 303 «Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»
- Атауы (қаз.)
- «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 303 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 298
- Қабылданған күні
- 07.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2020 116251_506512.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17V0005282
- ЭКБ идентификаторы
- 116251
- Редакция идентификаторы
- 116251_506512
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:22
0 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 303 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 376 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 15387) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 303 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4276, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 6 қаңтарда, 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 5 (17245) «Дидар», 2016 жылғы 16 қаңтардағы № 5 (19757) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
3 «3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.»;
5-тармақтың бірінші бөлігіндегі екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«1 шарт - көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;
5-тармақтың бірінші бөлігіндегі сегізінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«7-іс-қимыл - құжаттар топтамасын және хабарламаны қол қойылғаннан кейін көрсетілетін қызмет берушінің басшысынан көрсетілетін қызметті берушінің маманына беру. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау негізінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады. Орындалу ұзақтығы - 15 (он бес) минут.»;
8-тармақтың бірінші бөлігіндегі екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«1 шарт - көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;
8-тармақтың бірінші бөлігіндегі тоғызыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«8-іс-қимыл - көрсетілетін қызметті берушінің маманы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау негізінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) күнтізбелік күн.»;
9-тармақтың төртінші бөлігіндегі екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«1 шарт - көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;
9-тармақтың төртінші бөлігіндегі тоғызыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«8-іс-қимыл - көрсетілетін қызметті берушінің маманы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау негізінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) күнтізбелік күн.».