О внесении изменений в постановление акимата Алматинской области от 17 июля 2015 года № 321 "Об утверждении регламентов государственных услуг оказываемых в сфере образования"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Алматинской области от 17 июля 2015 года № 321 "Об утверждении регламентов государственных услуг оказываемых в сфере образования"
- Атауы (қаз.)
- Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 321 "Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 112
- Қабылданған күні
- 03.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 31.01.2020 101346_443081.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16D0003784
- ЭКБ идентификаторы
- 101346
- Редакция идентификаторы
- 101346_443081
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:10
0 Алматы облысы әкімдігінің
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 321«Білім саласындағы
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенттерін
бекіту туралы» қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына, «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 53, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 58, «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 63 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрықтарына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі «Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» № 321 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылы 14 тамызда № 3344 болып тіркелген, 2015 жылы 15 қыркүйекте «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген регламенттерде:
бүкіл мәтін бойынша «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО)», «ХҚО», «Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен», «орталық», «орталыққа» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация)», «Мемлекеттік корпорация», «Мемлекеттік корпорациямен», «Мемлекеттік корпорацияға» деген сөздермен ауыстырылсын.
2
2. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.