Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Алматинской области от 17 июля 2015 года № 321 «Об утверждении регламентов государственных услуг оказываемых в сфере образования»

Қаулы · № 275 · қабылданған 02.06.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2015-no-321-ekb-104661/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Алматинской области от 17 июля 2015 года № 321 «Об утверждении регламентов государственных услуг оказываемых в сфере образования» Күшін жойған Қаулы ·№ 275 ·02.06.2016
28.01.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Алматинской области от 17 июля 2015 года № 321 «Об утверждении регламентов государственных услуг оказываемых в сфере образования»

Күшін жойған Қаулы ·№ 275 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Алматинской области от 17 июля 2015 года № 321 «Об утверждении регламентов государственных услуг оказываемых в сфере образования»
Атауы (қаз.)
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі «Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» № 321 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
275
Қабылданған күні
02.06.2016
Көрсетілген редакция
28.01.2019 104661_421438.kaz
Соңғы өзгеріс
28.01.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16D0003898
ЭКБ идентификаторы
104661
Редакция идентификаторы
104661_421438
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:56

0 Алматы облысы әкімдігінің

2015 жылғы 17 шілдедегі
«Білім саласындағы
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенттерін
бекіту туралы» № 321
қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі «Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» № 321 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 14 тамызында № 3344 тіркелген, 2015 жылдың 15 қыркүйегінде «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінде № 18093 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;

2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

2

2. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Б. Өнербаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Алматы облысы әкімдігінің

2016 жылғы 2 маусымдағы
№ 275 қаулысына 1-қосымша
Алматы облысы әкімдігінің
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 321 қаулысымен бекітілген
«Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға
ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандық және облыстық маңызы бар қалалық жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет алушы) тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде (бұдан әрі – Стандарт) көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы шешім (бұдан әрі – шешім).

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4 4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен бірге жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы және нәтижесі:

1 1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау. Ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды. Нәтижесі – өтінішті тіркеу;

2 2) құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау. Ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күннен аспайды. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;

3 3) құжаттарды қарау, шешімді әзірлеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау. Ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күннен аспайды. Нәтижесі – шешімді әзірлеу;

4 4) ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы шешімді қарау және қол қою. Ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күннен аспайды. Нәтижесі – шешімге қол қою.

5 5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтін нәтижесін беру. Ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға шешімді беру.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілген қызметті берушінің маманы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы өзара рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігін сипаттау осы регламенттің қосымшасы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында» келтірілген.

4 4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

8 8. Жүгіну тәртібін және «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігін сипаттау:

1 1)көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеледі, электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу және Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды жолдайды;

2 2)көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады;

3 3)сұрау салуды және құжаттарды қабылдағаннан кейін, мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібі осы регламенттің 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады;

4 4)мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

32 «Патронат тәрбиешiлерге

берiлген баланы (балаларды)
асырап-бағуға ақшалай
қаражат төлеуді тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша
«Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға
ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

33 Алматы облысы әкімдігінің

2016 жылғы 2 маусымдағы
№ 275 қаулысына 2-қосымша
Алматы облысы әкімдігінің
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 321 қаулысымен бекітілген
«Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандық және облыстық маңызы бар қалалық жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет алушы) тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде (бұдан әрі – Стандарт) көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім (бұдан әрі – шешім).

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4 4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен бірге жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы және нәтижесі:

1 1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау. Ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды. Нәтижесі – өтінішті тіркеу;

2 2) құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау. Ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күннен аспайды. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;

3 3) құжаттарды қарау, шешімді әзірлеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау. Ұзақтығы – 6 (алты) жұмыс күннен аспайды. Нәтижесі – шешімді әзірлеу;

4 4) біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешімді қарау және қол қою. Ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күннен аспайды. Нәтижесі – шешімге қол қою.

5 5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтін нәтижесін беру. Ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға шешімді беру.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілген қызметті берушінің маманы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы өзара рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігін сипаттау осы регламенттің қосымшасы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында» келтірілген.

4 4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

8 8. Жүгіну тәртібін және «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігін сипаттау:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеледі, электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу және Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды жолдайды;

2 2)көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады;

3 3)сұрау салуды және құжаттарды қабылдағаннан кейін, мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібі осы регламенттің 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады;

4 4)мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

58 «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
«Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау»
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қолданыстағы