О внесении изменений в постановление акимата Алматинской области от 17 июля 2015 года № 321 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере образования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Алматинской области от 17 июля 2015 года № 321 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере образования»
- Атауы (қаз.)
- Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі «Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» № 321 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 88
- Қабылданған күні
- 01.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 31.01.2020 120172_443107.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18D0004603
- ЭКБ идентификаторы
- 120172
- Редакция идентификаторы
- 120172_443107
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:32
0 Алматы облысы әкімдігінің
2015 жылғы 17 шілдедегі
«Білім саласындағы мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенттерін
бекіту туралы» № 321 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1-тармағына, «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11184 тіркелген), «Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11047 тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрықтарына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Алматы облысы әкімдігінің «Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 17 шілдедегі № 321 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3344 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 27 қазанында жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
2 2. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Ж. Омарға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы «1» наурыздағы № 88 қаулысымен бекітілген 1-қосымша
Алматы облысы әкімдігінің
2015 жылғы 17 шілдедегі № 321 қаулысымен бекітілген
«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
10 Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы «1» наурыздағы № 88 қаулысымен бекітілген 2-қосымша
Алматы облысы әкімдігінің
2015 жылғы 17 шілдедегі № 321 қаулысымен бекітілген
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
11 Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы «1» наурыздағы № 88 қаулысымен бекітілген 3-қосымша
Алматы облысы әкімдігінің
2015 жылғы 17 шілдедегі № 321 қаулысымен бекітілген
«Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
12 Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы «1» наурыздағы № 88 қаулысымен бекітілген 4-қосымша
Алматы облысы әкімдігінің
2015 жылғы 17 шілдедегі № 321 қаулысымен бекітілген
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды
психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
13 Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы «1» наурыздағы № 88 қаулысымен бекітілген 5-қосымша
Алматы облысы әкімдігінің
2015 жылғы 17 шілдедегі № 321 қаулысымен бекітілген
«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
14 Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы «1» наурыздағы № 88 қаулысымен бекітілген 6-қосымша
Алматы облысы әкімдігінің
2015 жылғы 17 шілде № 321 қаулысымен бекітілген
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті