О внесении изменения и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 апреля 2015 года № 371 «Об утверждении Правил государственной регистрации механических транспортных средств и прицепов к ним Национальной гвардии Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 апреля 2015 года № 371 «Об утверждении Правил государственной регистрации механических транспортных средств и прицепов к ним Национальной гвардии Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 371 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 560
- Қабылданған күні
- 05.07.2022
- Көрсетілген редакция
- 05.07.2022 169713_586218.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.07.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200028746
- ЭКБ идентификаторы
- 169713
- Редакция идентификаторы
- 169713_586218
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:07
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 371 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 371 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11135 болып тіркелген) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Тіркелген көлік құралына көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік осы Қағидаларға 3-1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-1 қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Е.С. Ботақановқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Көлік құралын тіркеу куәлігі
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2022 жылғы 5 шілдедегі
№ 560 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ұланының механикалық
көлік кұралдарын және олардың
тіркемелерін мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
3-1 қосымша
нысан
Көлік құралын тіркеу куәлігі
10,5см/7,5 см. көлемді екі жақты бланк.
Алдыңғы жағы:
Қарама-қарсы беті: