Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 июня 2015 года № 391 «Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к образовательной деятельности, и перечня документов, подтверждающих соответствие им»

Бұйрық · № 657 · қабылданған 28.12.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 08.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2015-no-391-ekb-120919/on/2026-09-08/
Басып шығарылды 2026-09-08 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 июня 2015 года № 391 «Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к образовательной деятельности, и перечня документов, подтверждающих соответствие им» Күшін жойған Бұйрық ·№ 657 ·28.12.2017
12.03.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
08.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 июня 2015 года № 391 «Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к образовательной деятельности, и перечня документов, подтверждающих соответствие им»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 657 · 08.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 июня 2015 года № 391 «Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к образовательной деятельности, и перечня документов, подтверждающих соответствие им»
Атауы (қаз.)
«Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
657
Қабылданған күні
28.12.2017
Көрсетілген редакция
12.03.2024 120919_687885.kaz
Соңғы өзгеріс
12.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016737
ЭКБ идентификаторы
120919
Редакция идентификаторы
120919_687885
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:17

0 «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы№ 391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12-1) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдеде «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2
Оқу жоспарының пәндеріне сәйкес мұғалімдердің болуы.
Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 25%.
Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
»;
реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын;
реттік нөмірлері 4, 5, 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
4
Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің немесе медициналық қызмет көрсету бойынша денсаулық сақтау ұйымдарымен шарттың болуы.
Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Лицензияның мәртебесі «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі.
Медициналық қызмет көрсету бойынша денсаулық сақтау ұйымдарымен келісіліген шарттың болуы.
5
Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 11626 тіркелген) бұйрығымен бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының
негізінде болуы немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың болуы.
Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың көшірмесі.
6
Білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында материалдық активтердің болуы немесе материалдық активтерді 10 жылдан кем емес мерзімге жалға алу.
Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығы және оның техникалық сипаттамасы туралы ақпарат деректері «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ АЖ-дан алуға болған жағдайда. ұсынылмайды.
Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалға алу шартының көшірмелері.
»;
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8
Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 35%.
Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
»;
реттік нөмірі 9-жол алып тасталсын;
реттік нөмірлері 10, 11, 12-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
10
Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің немесе медициналық қызмет көрсету бойынша денсаулық сақтау ұйымдарымен шарттың болуы.
Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Лицензияның мәртебесі «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі. Біліктілік талабы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.
Медициналық қызмет көрсету бойынша денсаулық сақтау ұйымдарымен шарттың болуы.
11
Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 11626 тіркелген) бұйрығымен бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының
негізінде болуы немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың болуы.
Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Біліктілік талабы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.
Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың көшірмесі.
12
Білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында материалдық активтердің болуы немесе материалдық активтерді 10 жылдан кем емес мерзімге жалға алу.
Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығы және оның техникалық сипаттамасы туралы ақпарат деректері «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ АЖ-дан алуға болған жағдайда. ұсынылмайды.
Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалға алу шартының көшірмелері.
»;
реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
15
Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 35%.
Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
»;
реттік нөмірі 16-жол алып тасталсын;
реттік нөмірлері 17, 18, 19-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
17
Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің немесе медициналық қызмет көрсету бойынша денсаулық сақтау ұйымдарымен шарттың болуы.
Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Лицензияның мәртебесі «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі. Біліктілік талабы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу
мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.
Медициналық қызмет көрсету бойынша денсаулық сақтау ұйымдарымен шарттың болуы.
18
Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 11626 тіркелген) бұйрығымен бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының
негізінде болуы немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың болуы.
Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Біліктілік талабы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.
Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың көшірмесі.
19
Білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында материалдық активтердің болуы немесе материалдық активтерді 10 жылдан кем емес мерзімге жалға алу.
Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығы және оның техникалық сипаттамасы туралы ақпарат деректері «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ АЖ-дан алуға болған жағдайда. ұсынылмайды.
Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалға алу шартының көшірмелері.
».

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Т. Ешенқұлов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б. Асыловаға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
____________________Д. Абаев
22 қаңтар 2018 жыл
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
____________________Е. Біртанов
14 ақпан 2018 жыл
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
___________________С. Жасұзақов
29 желтоқсан 2017 жыл
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
___________________А. Мұхамедиұлы
28 желтоқсан 2017 жыл
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________________ Т. Сүлейменов
16 наурыз 2018 жыл
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
___________________Қ. Қасымов
11 қаңтар 2018 жыл

Қолданыстағы