О внесении изменения в решение маслихата от 17 июля 2015 года № 45/3-V «Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель и повышении ставок земельного налога по Зыряновскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата от 17 июля 2015 года № 45/3-V «Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель и повышении ставок земельного налога по Зыряновскому району»
- Атауы (қаз.)
- «Зырян ауданы бойынша жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» Зырян ауданының мәслихатының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 45/3-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 27/10-VI
- Қабылданған күні
- 30.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 15.01.2019 121324_387164.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VL000153
- ЭКБ идентификаторы
- 121324
- Редакция идентификаторы
- 121324_387164
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:03
0 «Зырян ауданы бойынша жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» Зырян ауданының мәслихатының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 45/3-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 8-бабының 2-тармағына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Зырян ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Зырян ауданы бойынша жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» Зырян ауданының мәслихатының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 45/3-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4103 тіркелген, «Менің өлкем» газетінде 2015 жылғы 20 тамызда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 8-бабының 2-тармағына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Зырян ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».