Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Степногорского городского маслихата от 17 февраля 2015 года № 5С-36/3 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Степногорску»

Өзге акт · № 6С-2/3 · қабылданған 29.03.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2015-no-5-363/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Степногорского городского маслихата от 17 февраля 2015 года № 5С-36/3 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Степногорску» Күшін жойған Өзге акт ·№ 6С-2/3 ·29.03.2016
27.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Степногорского городского маслихата от 17 февраля 2015 года № 5С-36/3 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Степногорску»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 6С-2/3 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Степногорского городского маслихата от 17 февраля 2015 года № 5С-36/3 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Степногорску»
Атауы (қаз.)
Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 17 ақпандағы № 5С-36/3 «Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6С-2/3
Қабылданған күні
29.03.2016
Көрсетілген редакция
27.03.2020 102007_450096.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16BB005296
ЭКБ идентификаторы
102007
Редакция идентификаторы
102007_450096
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:54

0 Степногорск қалалық

мәслихатының 2015 жылғы
17 ақпандағы № 5С-36/3
«Степногорск қаласы
бойынша аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің
тәртібін және мөлшерін
айқындау туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. «Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)

тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 17 ақпандағы № 5С-36/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4703 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 сәуірдегі «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 қосымшасының 2 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.»;
1 қосымшасының 16 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«16. Қатты отын шығыны айына бір шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшерінде есепке алынады, алайда, отбасына жылына бес тонна көмірден аспауы керек. Отынның құнын есептеу үшін статистикалық деректерге сәйкес алдыңғы тоқсанда Ақмола облысы бойынша қалыптасқан орташа бағасы есепке алынады.».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Степногорск қаласының әкімі Ә. Күмпекеев

Қолданыстағы