О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 17 сентября 2015 года № 54/02 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам регистрации актов гражданского состояния»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 17 сентября 2015 года № 54/02 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам регистрации актов гражданского состояния»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 54/02 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 55/01
- Қабылданған күні
- 28.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2020 105780_449950.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16K0003941
- ЭКБ идентификаторы
- 105780
- Редакция идентификаторы
- 105780_449950
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:14
0 «Азаматтық хал актілерін
тіркеу мәселелері бойынша
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер регламенттерін бекіту
туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 54/02 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 450 «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13856 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 54/02 «Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3468 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 2 қарашасында, "Индустриальная Караганда" газетінде 2015 жылғы 3 қарашадағы № 155-156 (21906-21907), "Орталық Қазақстан" газетінде 2015 жылғы 3 қарашадағы № 179-180 (22 064) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулы мен бекітілген «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5- тармақтын 4) тармақшасының бірінші азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасының қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды, куәлікті дайындайды; егер баланың тууын оның туған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін тіркеген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетіледі, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күнтізбек күнге дейін ұзартылады күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;»;
7- тармақтын 4) тармақшасының бірінші азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасының қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды, куәлікті дайындайды; егер баланың тууын оның туған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін тіркеген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетіледі, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күнтізбек күнге дейін ұзартылады күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;».