Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 17 июня 2015 года № 705 «Об утверждении нормативов финансирования на ремонт и содержание автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения»

Бұйрық · № 865 · қабылданған 10.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2015-no-705-ekb-126991/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 17 июня 2015 года № 705 «Об утверждении нормативов финансирования на ремонт и содержание автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения» Қолданыста Бұйрық ·№ 865 ·10.12.2018
10.12.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 17 июня 2015 года № 705 «Об утверждении нормативов финансирования на ремонт и содержание автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения»

Қолданыста Бұйрық ·№ 865 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 17 июня 2015 года № 705 «Об утверждении нормативов финансирования на ремонт и содержание автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения»
Атауы (қаз.)
«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 705 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
865
Қабылданған күні
10.12.2018
Көрсетілген редакция
10.12.2018 126991_378301.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017919
ЭКБ идентификаторы
126991
Редакция идентификаторы
126991_378301
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:09

0 «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы 17 маусымдағы № 705 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы

17 маусымдағы № 705 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11928 болып тіркелген, 2015 жылғы
15 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтері бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада бекітілген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың

1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
2018 жылғы «___» _______________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
2018 жылғы «___» _______________

0 Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтері

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 865 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 17 маусымдағы
№ 705 бұйрығымен
бекітілген
Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтері
1 километр (бұдан әрі - км), мың теңге
р/с

Об­лы­стар­дың ата­у­ла­ры
Ағым­да­ғы жөн­деу
Кү­тіп-ұстау
Жол қыз­ме­тін бас­қа­ру
1
Ақ­мо­ла
229,45
535,95
63,01
2
Ақ­тө­бе
218,13
492,77
63,01
3
Ал­ма­ты
199,04
426,36
63,01
4
Аты­рау
117,27
392,53
63,01
5
Шы­ғыс Қа­зақ­стан
248,93
456,67
63,01
6
Жам­был
194,38
456,42
63,01
7
Ба­тыс Қа­зақ­стан
205,41
476,59
63,01
8
Қа­ра­ған­ды
209,43
519,07
63,01
9
Қы­зы­лор­да
132,18
415,32
63,01
10
Қо­ста­най
200,67
469,83
63,01
11
Маң­ғы­стау
109,57
402,33
63,01
12
Пав­ло­дар
208,59
462,21
63,01
13
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан
213,83
455,17
63,01
14
Түр­кі­стан
134,79
415,91
63,01
Ескертпе:
1. Күтіп-ұстауға арналған нормативтер көгалдандыру және автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау шығындарын қамтиды.
2. Жол қызметін басқару нормативтері мынадай жұмыс түрлерінің шығындарын қамтиды:
1) автомобиль жолдарын диагностикалау, жол қызметін басқару нормативінен үлесі 34,05 мың теңгені құрайды;
2) автомобиль жолдарын паспорттандыру, жол қызметін басқару нормативінен үлесі 27,04 мың теңгені құрайды;
3) нормативтік-техникалық базаны жетілдіру, жол қызметін басқару нормативінен үлесі 1,92 мың теңгені құрайды.
3. Жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтері ақылы автомобиль жолдарындағы жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешенін, интеллектуалдық көлік жүйесін жөндеу және күтіп-ұстау шығындарын қамтымайды.
4. Нормативтер қосылған құн салығынсыз (бұдан әрі - ҚҚС) 2001 жылғы базалық бағалармен келтірілген.
5. 2001 жылғы базалық бағалардан ағымдық деңгейге көшу бюджет заңнамасына сәйкес жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің өзгеру индексі арқылы жүзеге асырылады.
6. ҚҚС «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) тиісті жылға белгіленетін мөлшерде қабылданады.
7. Қаржыландыру нормативтері ІІІ техникалық санаттағы жолдың 1 км үшін келтірілген. Талап етілетін санаттың нормативін есептеу үшін жол санаттары бойынша төменде келтірілген саралау коэффициенттері қолданылады:
Жұ­мыс тү­рі
Ав­то­мо­биль жол­да­ры­ның са­нат­та­ры
Iа/Iб
8 жо­лақ
Iа/Iб
6 жо­лақ
Iа/Iб
4 жо­лақ
II
III
IV
V
Са­ра­лау ко­эф­фи­ци­ент­те­рі
Ағым­да­ғы жөн­деу
5,06/3,37
3,90/2,60
2,73/1,82
1,13
1
0,74
0,47
Кү­тіп-ұстау
4,59/3,06
3,63/2,42
2,67/1,78
1,24
1
0,89
0,73

Қолданыстағы