О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 17 июня 2015 года № 711 «Об утверждении нормативов финансирования на ремонт и содержание улиц столицы, городов республиканского значения, автомобильных дорог областного и районного значения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 17 июня 2015 года № 711 «Об утверждении нормативов финансирования на ремонт и содержание улиц столицы, городов республиканского значения, автомобильных дорог областного и районного значения»
- Атауы (қаз.)
- «Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 711 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 41
- Қабылданған күні
- 07.02.2025
- Көрсетілген редакция
- 07.02.2025 206987_744089.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035711
- ЭКБ идентификаторы
- 206987
- Редакция идентификаторы
- 206987_744089
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:11
0 «Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын
жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 маусымдағы
№ 711 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 711 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11875 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
0 Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтері
ҚР Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 7 ақпандағы
№ 41
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 17 маусымдағы
№ 711 бұйрығымен бекітілген
Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтері
1-кесте
№
Атауы
Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелері, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары
Ағымдағы жөндеу
(1 км мың теңге)
Күтіп-ұстау (1 км мың теңге)
1
2
3
4
Астана, республикалық маңызы бар қалалар
1
Астана
9 684,43
8 278,68
2
Алматы
8 531,86
7 582,68
3
Шымкент
5 991,72
5 121,99
Облыстар
1
Абай
1 006,19
1 845,89
2
Ақмола
939,07
2 193,49
3
Ақтөбе
807,22
1 823,57
4
Алматы
812,51
1 740,46
5
Атырау
463,78
1 552,38
6
Батыс Қазақстан
755,49
1 752,89
7
Жамбыл
732,44
1 719,84
8
Жетісу
791,73
1 695,94
9
Қарағанды
795,73
1 972,20
10
Қостанай
792,21
1 854,80
11
Қызылорда
492,26
1 546,71
12
Маңғыстау
445,65
1 636,39
13
Павлодар
841,84
1 865,41
14
Солтүстік Қазақстан
849,80
1 808,93
15
Түркістан
506,72
1 563,54
16
Ұлытау
801,69
1 986,97
17
Шығыс Қазақстан
1 054,24
1 934,03
1
1. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтеріне (бұдан әрі - Қаржыландыру нормативтері) оның ішінде, автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстауға арналған шығындар кіреді.
2 2. Автомобиль жолдарын қаржыландыру нормативтері ІІІ техникалық санаттағы жолдың 1 км үшін келтірілген.
3 3. Қажетті санаттың нормативін есептеу үшін автомобиль жолдарының төменде келтірілген санаттары бойынша саралау коэффициенттері қолданылады:
2-кесте
Жұмыс түрі
Автомобиль жолдарының техникалық санаттары
Iа/Iб
8 жолақ
Iа/Iб
6 жолақ
Iа/Iб
4 жолақ
II
III
IV
V
Саралау коэффициенттері
Ағымдағы жөндеу
5,06/3,37
3,90/2,60
2,73/1,82
1,13
1
0,74
0,47
Күтіп-ұстау
4,59/3,06
3,63/2,42
2,67/1,78
1,24
1
0,89
0,73
4 4. Қаржыландыру нормативтері ені 3,5 метр болатын 1 км көше үшін келтірілген. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін талап етілетін параметрлерінің нормативін есептеу үшін автомобиль жолдарының мынадай санаттары бойынша саралау коэффициенттері қолданылады:
1 1) қозғалыс жолақтарына байланысты Іа/Іб санаттары бойынша реттелетін, жүрдек қозғалыстағы магистральдық жолдар;
2 2) қозғалыс жолақтарына байланысты Іб санаты бойынша үздіксіз, реттелетін қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелері;
3 3) II санат бойынша аудандық маңызы бар жаяу жүргіншілер-көлік және көлік-жаяу жүргіншілер магистральдық көшелері;
4 4) III санат бойынша тұрғын үй құрылысындағы жергілікті маңызы бар көшелер мен жолдар;
5 5) III санаттағы саябақ жолдары;
6 6) III санат бойынша негізгі жол жүру;
7 7) IV санат бойынша екінші дәрежелі жол жүру;
8 8) IV санаттағы жаяу жүргіншілер көшелері мен велосипед жолдары.
5 5. Нормативтер 2023 жылғы бағада ҚҚС-сыз келтірілген. ҚҚС тиісті жылға арналған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде қабылданады.
6 6. 2023 жылғы базалық бағадан ағымдағы деңгейге көшу АЕК өзгеру индексі арқылы жүзеге асырылады – жоспарланған жылдың АЕК-нің 2023 жылдың АЕК-не қатынасы. АЕК мөлшері бюджет заңнамасына сәйкес жыл сайын белгіленеді.
7
7. Салудан, реконструкциялаудан, орташа, күрделі жөндеуден кейін кепілдікте тұрған автомобиль жолдарының учаскелерінде қаржыландыру нормативтеріне - 0,75 төмендету коэффициенті қосымша қолданылады. Жол төсемелерінің конструкциясын қалпына келтіру жұмыстары салу, реконструкциялау, орта, күрделі жөндеу мердігерінің есебінен орындалады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
км – километр;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
АЕК – айлық есептік көрсеткіш.