Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 марта 2015 года №211 «Об утверждении типового договора имущественного найма (аренды) государственного имущества» и от 17 марта 2015 года № 212 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)

Бұйрық · № 156 · қабылданған 31.08.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2015-no211-17-2015-no-212/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 марта 2015 года №211 «Об утверждении типового договора имущественного найма (аренды) государственного имущества» и от 17 марта 2015 года № 212 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду) Қолданыста Бұйрық ·№ 156 ·31.08.2023
31.08.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 марта 2015 года №211 «Об утверждении типового договора имущественного найма (аренды) государственного имущества» и от 17 марта 2015 года № 212 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)

Қолданыста Бұйрық ·№ 156 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 марта 2015 года №211 «Об утверждении типового договора имущественного найма (аренды) государственного имущества» и от 17 марта 2015 года № 212 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 және «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
156
Қабылданған күні
31.08.2023
Көрсетілген редакция
31.08.2023 185700_651770.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033370
ЭКБ идентификаторы
185700
Редакция идентификаторы
185700_651770
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:02

0

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 және «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10479 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 74-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жалға берушінің:
1) баланс ұстаушымен келісу бойынша жалдаушыға объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға және қосалқы жалға беруге жазбаша рұқсат беруге;
2) жалдау ақысының уақтылы және толық аударылуын бақылауды жүзеге асыруға;
3) жалдау ақысының уақтылы енгізілмегені үшін өсімпұл есептеуге;
4) тараптардың келісуі бойынша шарттың мерзімін ұзартуға, шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге немесе оны бұзуға;
5) объектінің мақсатты пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыруға құқығы бар.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:
«6-1. Форс-мажор
24-1. Егер осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы еңсерілмейтін күш мән-жайларының (жер сілкінісі, топан су, өрт, эмбарго, соғыс немесе әскери қимылдар, мемлекеттік органдардың міндеттемелердің орындалуына тыйым салатын немесе қандай да бір кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерді шығаруы) салдарынан болса, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерін тиісінше орындау үшін өздеріне байланысты барлық шараларды қабылдаған жағдайда, Тараптар міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
24-2. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайлары болған, сондай-ақ осы мән-жайлардан туындаған салдар болған уақытқа тең мерзімге ауыстырылады.
24-3. Тараптардың кез келгені еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде басқа Тарапты осындай мән-жайлардың басталғаны туралы күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша хабардар етеді.
24-4. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты міндеттеменің орындалмағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайға сілтеме жасау мүмкіндігінен айырады.».

2

2. «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10467 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында:
1,2,3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 74-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) баланс ұстаушы – объек жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға;
2) екінші қатысушы – тендерде объект үшін жалдау ақысының мөлшері бойынша екінші соманы ұсынған қатысушы;
3) жалға беруші – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) не жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты, сондай-ақ аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі;
4) жалдаушы (жалға алушы) – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
5) кепілдік жарна – тендерге қатысу үшін жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін ақшалай сома;
6) қатысушы – тендерге қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;
7) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысына сәйкес айқындалған, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару және пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген , жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;
8) мүліктік жалдау (жалға алу) объектісі (бұдан әрі – объект) – су шаруашылығы құрылыстарын, жер учаскелерін, тұрғын үй қорын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітілген мүлікті, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мүлкін және пайдаланылмайтын әскери мүлкін, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік (заттар).
Ақша, бағалы қағаздар және мемлекеттің мүліктік құқықтары мүліктік жалдау (жалға беру) шартының объектісі (нысанасы) болып табылмайды;
9) мемлекеттік мүлік тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жедел басқаруындағы мүлікті және мемлекеттік материалдық резервті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі;
10) тендер – бұл тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) беру жөніндегі сауда-саттық нысаны, онда жалға беруші өзі қабылдаған бастапқы шарттар негізінде жалғыз қатысушымен немесе объектінің жалдау ақысының ең көп сомасын ұсынған тендерге қатысушымен шарт жасасуға міндеттенеді;
11) тізілімнің веб-порталы – www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, тізілімге бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;
12) Ұлттық пошта операторы – «Пошта туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттемелер жүктелген, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, пошта саласындағы уәкілетті орган айқындайтын пошта операторы;
13) шарт – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10479 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартына сәйкес жалға беруші мен жалдушы (жалға алушы) арасында жасалған мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты;
14) шарт сәйкестендіргіші – шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған күні тізілім веб-порталы беретін шарттың бірегей нөмірі;
15) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
16) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
3. Заңның 74-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын қоспағанда, республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (республикалық мүлікті жалдауға беруші (жалға беруші) береді.
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын қоспағанда, коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты (коммуналдық мүлікті жалдауға беруші (жалға беруші) береді.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді.»;
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Баланс ұстаушы артық және пайдаланылмайтын объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) беру үшін жалға берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімнің веб-порталында объект туралы ақпарат береді.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Шарт оның талаптарын тиісінше орындаған кезде шарттың қолданылу мерзімін ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын мерзімге жасалады.
Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту негізгі шартқа қосымша келісім жасасу жолымен және одан әрі ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.
Егер шарт мерзімі аяқталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын баланс ұстаушы жалға берушіге бас тарту себебін көрсете отырып, шарттың қолданылу мерзімін ұзартудан жазбаша бас тартуды ұсынбаса, негізгі шартқа қосымша келісім жалға алушының шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініші негізінде жасалады.
Жалға алушының шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға өтініші объектінің, оны баланста ұстаушының атауы көрсетіле отырып, шарт аяқталғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей тізілімнің веб-порталында электрондық нысанда ресімделеді.
Шартқа қосымша келісім тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жалға беруші мен жалға алушы ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қояды.
Заңның 74-бабының 7-тармағына сәйкес мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шартында, Заңның 105, 106, 120 және 145-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында тікелей көзделген жағдайларда, жалдаушыға (жалға алушыға) берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару туралы талап көзделуі мүмкін.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Тендерлік комиссияның құрамына жалға берушінің, баланс ұстаушының, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де ұйымдардың өкілдері қосылады.»;
31 және 32 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Тендер тізілім веб-порталында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден жұмаға дейін өткізіледі. Тендер Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 13:00-ге дейінгі кезеңде басталады және тендер өткізілетін күні аяқталады.
32. Егер тендер басталған сәтте қатысушылардың тіркелген өтінімдері болмаса, тендер тізілімнің веб-порталымен өткізілмеген деп танылады және жалға беруші осы Қағидалардың 3-параграфында көзделген тәртіппен объектіні тендерге қайта қою туралы шешім қабылдайды.»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Жеңімпаз белгіленген мерзімдерде шартқа қол қоймаған жағдайда, жалға беруші шақыруды веб-портал арқылы тендердің қалған қатысушылары арасынан Қағидалардың 35-тармағының талаптарына сәйкес келетін жалдау ақысының келесі ең көп сомасын ұсынған тендерге қатысушыға жібереді, екінші қатысушы қол қоймаған жағдайда жалға беруші тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын тендердің нәтижелерін жою туралы актіге ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қояды.»;
мынадай редакциядағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:
«39-1. Жалға беруші тендер қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталмаған жағдайда, баланс ұстаушы ұсынған ақпарат негізінде осы Қағидалардың 3-параграфында көзделген тәртіппен мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қайта тендер жариялайды.»;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Кемінде бір жыл мерзімге жасалған жылжымайтын мүлікке арналған мүліктік жалдау (жалға алу) шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелуге жатады.
Шарттарды құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеу жалға алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Баланс ұстаушы шартқа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында баланс ұстаушы, жалдаушы қол қойып және жалға беруші бекіткен қабылдау-тапсыру актісі бойынша объектіні жалдаушыға береді.
Шарт бұзылған немесе мерзімі аяқталған кезде жалға алушы объектіні қабылдау-тапсыру актісі бойынша баланс ұстаушыға қайтарады.
Мүліктік жалдауға (жалға) тапсырғаны үшін жалдау ақысын есептеу объектіні баланс ұстаушыға қабылдау-тапсыру актісі бойынша қайтару сәтіне дейін жүргізіледі.»;
44 және 45-тармақтар алып тасталсын;
мынадай редакциядағы 46-1-тармақпен толықтырылсын:
«46-1. Жалдаушы (қосалқы жалға алушы) – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар.»;
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«49. Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін мүліктік жалдауға (жалға ) беру кезінде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес базалық мөлшерлемелер мен объектілердің функционалдық мақсаты, коммерциялық жылжымайтын мүліктің ауқымы мен қызмет түрлері, тұрғын емес үй-жайдың түрі, жайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескеріліп қолданылатын коэффициенттер мөлшері негізінде айқындалады және мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Жа = Бме х S х Кфм х Ктеүт х Кжд х Ко х Кқт х Кұқн,
мұнда:
Жа – мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін бір жылға жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Бме – 1 шаршы метр үшін жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі, бір жылға теңгемен;
S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;
Кфм – объектілердің функционалдық мақсаты, коммерциялық жылжымайтын мүліктің ауқымы мен қызмет түрлері ескерілетін коэффициент;
Ктеүт – тұрғын емес үй-жайдың түрі ескерілетін коэффициент;
Кжд – жайлылық деңгейі ескерілетін коэффициент;
Ко – аумақтық орналасуы ескерілетін коэффициент;
Кқт – жалдаушы қызметінің түрі ескерілетін коэффициент;
Кұқн – жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициент.
Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Жа = Қ х Nam/100 х Кт,
мұнда:
Жа – жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін бір жылға жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Қ – бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша жабдықтың қалдық құны.
Тозуы 100 пайыз есептелген жабдықты, көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
Nam – «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 271-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
Кт – төмендету коэффициенті (жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар алпыс пайыздан аса тозған кезде – 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметін қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін беру кезінде – 0,5 мөлшерінде қолданылады).
Мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды сағатына есептеп мүліктік жалдауға (жалға) беру кезінде жалдау ақысын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Жс=Жа/12 /К/24,
мұнда:
Жс – мемлекеттік тұрғын емес қор объектілері, мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін бір сағатқа жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Жа –мемлекеттік тұрғын емес қор объектілері, мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін бір жылға жалдау ақысының мөлшерлемесі;
К – объектілерді мүліктік жалдауға беру жүзеге асырылатын айдағы күндер саны.
Ғимараттағы үй-жайлардың бір бөлігінің жалдау ақысын есептеу кезінде жалға алушының мүліктік жалдауға (жалға) берілетін алаңның 25% мөлшерінде осы алаңдардың жалпы пайдаланымдағыорындарға қол жеткізуі ескерілуі қажет.
Мемлекеттік заңды тұлғалардың түскі ас залдары бар қоғамдық тамақтандыру пункттерін мүліктік жалдауға (жалға) беру кезінде жалдау есептемесіне ас блогының алаңы және қосалқы үй-жайлар қосылады, себебі түскі ас залдарының алаңы мүліктік жалдауға берілмейді.
Жалдаушы мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында және техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыруды (асхана, буфет) ұйымдастыру жөніндегі қызметтер көрсеткен кезде мүліктік жалдауға (жалға) берілетін үй-жайлардың жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу бір оқу жылы үшін жүргізіледі.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасқан өнім беруші жазбаша өтініш берген кезде, мүліктік жалдауға (жалға) берілетін мемлекеттік орта білім беру заңды тұлғаларындағы үй-жайлардың жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу оқу жылы үшін жүргізіледі.»;
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«52. Шарттың қолданылу мерзімі ішінде объектіні мүліктік жалдағаны (жалға алғаны) үшін жалдау ақысының мөлшері жалға берушінің талабы бойынша мынадай жағдайда қайта қаралады:
1) жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі және қолданылатын коэффициенттердің мөлшері өзгергенде, тендер өткізілмей мүліктік жалдауға (жалға) берілген жылжымайтын мүлік бойынша;
2) егер жалдаушы тендерде ұсынған жалдау ақысының мөлшері осы Қағидалардың 49-тармағына сәйкес есептелген жалдау ақысының мөлшерінен аз болса, тендер өткізу арқылы мүліктік жалдауға (жалға) берілген жылжымайтын мүлік бойынша;
3) жалдау ақысының мөлшері өзгерген кезде жалға беруші www.e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жалға алушыны жалдау ақысын енгізудің кезекті мерзіміне дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей хабардар етеді.»;
көрсетілген Қағидаларға 1, 3 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

2

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

1 Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 31 тамыздағы
№ 156 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік мүлікті мүліктік
жалдауға (жалға алуға)
беру қағидаларына
1-қосымша
________________________________________
(мемлекеттік заңды тұлғаның атауы)
объектісі туралы ақпарат
артық және пайдаланылмайтын объектілерді мүліктік жалдауға (жалдауға) беру мақсатында жалға берушіге ____________________объект туралы мынадай ақпаратты береді:
1. мүліктік жалдау (жалға алу) объектісі (лері)туралы мәліметтер:
Р/с №
Мә­лі­мет­тер
1
ата­уы
2
қы­сқа­ша си­патта­ма­сы (са­ны, өл­шем бір­лі­гі), сон­дай-ақ объ­ект бой­ын­ша әр қы­ры­нан тү­сі­рі­л­ген ке­мін­де үш фо­то­су­рет­тің элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рін же­ке файл­дар­мен, сон­дай-ақ тех­ни­ка­лық пас­порт бой­ын­ша ор­на­ла­су схе­ма­сын бе­ре­ді.
3
ор­на­лас­қан же­рі
4
ны­са­на­лы мақ­са­ты
5
мү­лік­тік жал­да­у­ға (жал­ға)бе­ру мер­зі­мі
6
жы­л­жы­май­тын мү­лік бой­ын­ша:
құ­ры­лыс ти­пі (кең­се, өн­ді­рі­стік, қой­ма, га­раж, қа­зан­дық, спорт құ­ры­лы­сжай­ла­ры (ста­ди­он­дар, спорт зал­да­ры, спорт алаң­да­ры) және бас­қа құ­ры­лы­стар (құ­ры­лы­сжай­лар);
тұр­ғын емес үй-жай­дың тү­рі (же­ке тұр­ған құ­ры­лыс, жап­сар­лас жа­на­са са­лын­ған бө­лік, цо­коль­дық (жар­ты­лай жер­тө­ле) бө­лік, жер­тө­ле бө­лі­гі, өзге­ле­рі (ша­тыр, ша­тыр­дың іш­кі бө­лі­гі, там­бур, ман­сард, лод­жия, ашық спорт құ­ры­лы­сжай­ла­ры және бас­қа­ла­ры);
ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­лар­дың (электр энер­ги­я­сы, кә­різ, су­мен жаб­дық­тау, жы­лу)бо­луы неме­се бол­мауы ту­ра­лы;
7
кө­лік құ­рал­да­ры, жаб­дық­тар және жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке жат­пай­тын бас­қа да объ­ек­ті­лер бой­ын­ша:
ба­стап­қы құ­ны (тең­ге­мен)
қал­дық құ­ны (тең­ге­мен)
есеп­тел­ген то­зу (тең­ге­мен)

2 Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру жөніндегі тендерге қатысуға ӨТІНІМ

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 31 тамыздағы
№ 156 бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттік мүлікті мүліктік
жалдауға (жалға алуға)
беру қағидаларына
3-қосымша
Мемлекеттік мүлікті
мүліктік жалдауға (жалға) беру жөніндегі тендерге қатысуға
ӨТІНІМ
1. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы жарияланған хабарламаны қарап, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларымен танысқаннан кейін
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) 20 __жылғы «___»_______мемлекеттік мүлік тізілімінің www.e-qazyna.kz. веб-порталында өтетін тендерге қатысуға тілек білдіреді.
2. Мен (біз) тендерге қатысу үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына жалпы сомасы_______(_______________________) теңге _ _ _ _ _ кепілдік жарна (лар) енгіздім (к).
(сомасы жазбаша) (саны)
Кепілдік жарна енгізілген мүліктік жалдау (жалға алу) объектілері туралы мәліметтер:
Р/с №
Мү­лік­ті жал­дау (жал­ға алу) объ­ек­ті­сі­нің ата­уы, сон­дай-ақ жал­дау ақы­сы тө­лем­де­рі­нің ке­зең­ді­лі­гі
Ауда­ру­ға жа­та­тын ке­піл­дік жар­на­ның со­ма­сы, тең­ге
1
2
Жиы­ны
Енгізілген кепілдік жарналар туралы мәліметтер:
Р/с №
Ке­піл­дік жар­на­ның мақ­са­ты және тен­дер­ге қа­ты­су үшін ке­піл­дік жар­на ен­гі­зі­л­ген мү­лік­тік жал­дау (жал­ға алу) объ­ек­ті­сі­нің ата­уы
Тө­лем құ­жа­ты­ның №
Тө­лем құ­жа­ты­ның кү­ні
Ке­піл­дік жар­на­ның со­ма­сы, тең­ге
1
2
Жиы­ны
3. Менің (біздің) тендерге қатысушыға (жалдаушыға) қойылатын талаптарға сәйкес емес екенім (із) анықталған жағдайда, мен (біз) тендерге қатысу құқығынан айырылатыныма (ызға) , мен (біз) қол қойған тендер нәтижелері туралы хаттама мен мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін (міз).
4. Егер Мен (біз) тендердің жеңімпазы (дары) болып айқындалсам (қ), тендер өткізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өзіме мүліктік жалдау (жалға алу) шартына қол қою міндеттемелерін қабылдаймын.
5. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шартына белгіленген мерзімде қол қойылмаған жағдайда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтынына және жалға берушіде қалатынына келісемін (міз).
6. Осы өтінім тендер нәтижелері туралы хаттамамен бірге мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.
7. Өзім (з) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (з):
Заңды тұлға үшін:
атауы ______________________________________________________________________
БСН _______________________________________________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _____________________________________
мекенжайы:_________________________________________________________________
телефон нөмірі (факс):________________________________________________________
кепілдік жарнаны қайтару үшін банк реквизиттері
ЖСК ______________________________________________________________________
БИК _______________________________________________________________________
банктің атауы _______________________________________________________________
Кбе _______________________________________________________________________
кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның ЖСН/БСН:
өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) _________________________________________________________________________
2) _________________________________________________________________________
3) _________________________________________________________________________
жеке тұлға үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)_________________________________________
ЖСН ______________________________________________________________________
паспорт деректері ___________________________________________________________
мекенжайы:_________________________________________________________________
телефон нөмірі (факс):________________________________________________________
кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер
ЖСК ______________________________________________________________________
БИК_______________________________________________________________________ банктің атауы _______________________________________________________________
Кбе _______________________________________________________________________
кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның ЖСН /БСН:
өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) _________________________________________________________________________
2) _________________________________________________________________________
3) _________________________________________________________________________
(қолы) (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және (заңды тұлға басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өкілдің тегі, аты, әкесінің аты ( болған жағдайда)
20 __ жылғы «___» ____________ .
Өтінім мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 20__ жылғы «__» _______ сағат ____ минутта қабылданды.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
Kбе – бенефициардың коды.

3 Базалық мөлшерлеме мен тұрғын емес үй-жайдың құрылыс типі, түрі, жайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескеріліп қолданылатын коэффициенттердің мөлшері

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 31 тамыздағы
№ 156 бұйрығына
3-қосымша
Мемлекеттік мүлікті мүліктік
жалдауға (жалға алуға)
беру қағидаларына
5-қосымша
Базалық мөлшерлеме мен тұрғын емес үй-жайдың құрылыс типі, түрі, жайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескеріліп қолданылатын коэффициенттердің мөлшері

Ба­за­лық мөл­шер­ле­ме
Әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лік
Ба­за­лық мөл­шер­ле­ме­нің мөл­ше­рі
1
Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры үшін
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ти­іс­ті жы­л­ға ар­нал­ған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы за­ңын­да бел­гі­лен­ген 2,5 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш
2
ауыл, кент, ауыл­дық округ, қа­лад­а­ғы аудан, қа­ла, аудан, об­лыс
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ти­іс­ті жы­л­ға ар­нал­ған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы за­ңын­да бел­гі­лен­ген 1,5 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш

Ко­эф­фи­ци­ент­тер тү­рі
Ко­эф­фи­ци­ент мөл­ше­рі
1
Объ­ек­ті­лер­дің функ­ци­о­нал­дық мақ­са­ты, ком­мер­ци­я­лық жы­л­жы­май­тын мү­лік­тің ауқы­мы мен қыз­мет түр­ле­рі ес­ке­рі­ле­тін ко­эф­фи­ци­ент (Кфм):
1.1 әкім­ші­лік-офи­стік үй-жай­лар
1
1.2 өн­ді­рі­стік үй-жай
0,8
1.3 қой­ма үй-жай­ла­ры (га­раж, қа­зан­дық)
0,6
1.4 спорт құ­ры­лы­сжай­ла­ры (ста­ди­он­дар, спорт зал­да­ры, спорт алаң­да­ры)
0,7
1.5 жы­л­жы­май­тын мү­лік­тің өзге тип­те­рі (са­уда үй-жай­ла­ры, мей­рам­ха­на­лар мен қо­ғам­дық та­мақ­тан­ды­ру пункт­те­рі, тұр­мыстық қыз­мет көр­се­ту, сер­вис пункт­те­рі, қо­на­қүй­лер, де­ма­лыс үй­ле­рі, пар­кинг­тер және т.б.)
0,9
2
Тұр­ғын емес үй-жай­дың тү­рі ес­ке­рі­ле­тін ко­эф­фи­ци­ент (Кк)
2.1 же­ке тұр­ған ғи­ма­рат
1
2.2 жап­сар­лас жа­на­са са­лын­ған үй-жай­лар
0,9
2.3 цо­коль­дық бө­лік
0,7
2.4 жер­тө­ле бө­лі­гі
0,6
2.5 өзге­ле­рі (ша­тыр, ша­тыр­дың іші, там­бур, ман­сард, лод­жия, ашық спорт­тық құ­ры­лы­сжай­лар және бас­қа­сы)
0,7
3
Жай­лы­лық дә­ре­же­сі ес­ке­рі­ле­тін ко­эф­фи­ци­ент (Кжд)
3.1 электр­мен жаб­дық­тал­ған және ком­му­ни­ка­ци­я­ла­ры бар үй-жай­лар үшін (электр энер­ги­я­сы, кә­різ, су­мен жаб­дық­тау, жы­лу) ком­му­ни­ка­ци­я­лар­дың қан­дай да бір түр­ле­рі бол­ма­са, әр­бір тү­рі үшін 0,1-ге аза­яды)
1
4
Аумақ­тық ор­на­ла­суы ес­ке­рі­ле­тін ко­эф­фи­ци­ент (Ко):
4.1 Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры үшін
рес­пуб­ли­ка­лық мү­лік үшін – 3;
ком­му­нал­дық мү­лік үшін – 2
4.2 об­лыс пен Бай­қо­ңыр қа­ла­сы­ның әкім­ші­лік ор­та­лы­ғы үшін
2
4.3 об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар үшін
1,5
4.4 аудан ор­та­лы­ғы үшін
1
4.5 кент, ауыл
0,5
5
Жал­да­у­шы­ның қыз­мет тү­рі ес­ке­рі­ле­тін ко­эф­фи­ци­ент (Кқт):
5.1 банк­тер­дің, Ұлт­тық по­шта опе­ра­то­ры­ның есеп ай­ы­ры­су-кас­са­лық ор­та­лық­та­ры үшін, бан­ко­мат­тар, тө­лем тер­ми­нал­да­ры (муль­ти­касса­лар) үшін (заң­ды тұ­лға­лар­дың кі­ру­ге шек­те­уі бар ғи­ма­рат­та­рын­да 0,5тө­мен­де­ту ко­эф­фи­ци­ен­ті қол­да­ны­ла­ды)
2,5
5.2 бро­кер­лік қыз­мет және ке­ден қыз­мет­те­рін көр­се­ту, ай­ыр­ба­стау пункт­те­рі және қыз­ме­ті ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғы­мен бай­ла­ны­сты ұй­ым­дар, сақ­тан­ды­ру, ин­ве­сти­ци­я­лық ком­па­ни­я­лар, но­та­ри­ат кең­се­ле­рі, ад­во­кат­тық кең­се­лер үшін
3
5.3. са­уда­ны, қо­на­қүй қыз­мет­те­рін ұй­ым­да­сты­ру, са­уда ав­то­мат­та­ры үшін
2,5
5.4 қыл­мыстық-ат­қа­ру­шы­лық жүйе ғи­ма­рат­та­рын­да және оқу орын­да­ры­ның жа­тақ­ха­на­ла­рын­да са­уда­ны­ұй­ым­да­сты­ру үшін
1,9
5.5 қо­ғам­дық та­мақ­тан­ды­ру­ды ұй­ым­да­сты­ру үшін (ас­ха­на, бу­фет), оның ішін­де ден­са­улық сақ­тау, мә­де­ни­ет және спорт объ­ек­ті­ле­рін­де
1,5
5.6 мы­на­дай: ғы­лым және жо­ға­ры бі­лім бе­ру, ор­та бі­лім және қо­сым­ша бі­лім бе­ру, мек­теп­ке дей­ін­гі бі­лім бе­ру са­ла­ла­рын­да қыз­мет­тер­ді ұй­ым­да­сты­ру үшін
1,1
0,9
0,8
5.7 ден­са­улық сақ­тау, мә­де­ни­ет және спорт са­ла­ла­рын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді ұй­ым­да­сты­ру үшін
1
5.8 ұя­лы бай­ла­ныс, ин­тер­нет же­лі­сі са­ла­сын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді ұй­ым­да­сты­ру үшін (те­ле­ком­му­ни­ка­ция жаб­дық­та­рын ор­на­ла­сты­ру және бас­қа)
5
5.9 мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар­дың (кі­ру­ге шек­те­уі бар) өт­кі­зу жүй­е­сі бар ғи­ма­рат­та­рын­да қыз­мет­кер­лер­дің та­мақ­та­нуын ұй­ым­да­сты­ру, тұр­мыстық қыз­мет­тер­ді көр­се­ту үшін
0,5
5.10 оқу орын­да­рын­да (мек­теп­тер­де, гим­на­зи­я­лар­да, ли­цей­лер­де, кол­ле­дж­дер­де және спорт мек­теп­те­рін­де) қо­ғам­дық та­мақ­тан­ды­ру­ды ұй­ым­да­сты­ру (ас­ха­на, бу­фет) үшін
0,5
5.11. 5.1-5.10-тар­мақ­тар­да көр­се­ті­л­ген қыз­мет түр­ле­рін қо­с­па­ған­да, өзге қыз­мет түр­ле­рі үшін
1,9
6
Жал­да­у­шы­ның ұй­ым­дық-құқық­тық ны­са­ны ес­ке­рі­ле­тін ко­эф­фи­ци­ент (Кұқн):
6.1 са­уда-дел­дал­дық қыз­мет­ті қо­с­па­ған­да, өн­ді­рі­стік қыз­мет­ті ұй­ым­да­сты­ру­ға және ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту са­ла­сын да­мы­ту­ға ша­ғын кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі үшін
0,9
6.2 мем­ле­кет ба­қы­лай­тын ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар (жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стіктер) үшін
0,8
6.3 қай­ы­рым­ды­лық және қо­ғам­дық бір­ле­стіктер, ком­мер­ци­я­лық емес ұй­ым­дар үшін
0,5
6.4 қал­ған­да­ры үшін
1

Қолданыстағы