О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 17 июля 2015 года №222 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере религиозной деятельности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 17 июля 2015 года №222 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере религиозной деятельности»
- Атауы (қаз.)
- Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі №222 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 359
- Қабылданған күні
- 04.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2019 96745_694637.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15T0003399
- ЭКБ идентификаторы
- 96745
- Редакция идентификаторы
- 96745_694637
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:17
0 Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 222 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі №222 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3274 болып тіркелген, 2015 жылы 20 тамызда «Атырау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) 4-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №147 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №11183 болып тіркелген) қолданысқа енгізілуінен бұрын емес.»;
2 2) 1-қосымшада:
«Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. «Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесi - үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім не Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №147 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №11183 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.»;
3 3) 2-қосымшада:
«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. «Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесi - ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім (бұдан әрі-шешім) не Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №147 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №11183 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.».