О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 17 сентября 2015 года №281 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере архитектурно – градостроительной деятельности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 17 сентября 2015 года №281 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере архитектурно – градостроительной деятельности»
- Атауы (қаз.)
- Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі №281 «Сәулет-қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 276
- Қабылданған күні
- 24.10.2016
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2020 107706_471876.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16U0003884
- ЭКБ идентификаторы
- 107706
- Редакция идентификаторы
- 107706_471876
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:27
0 Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы
17 қыркүйектегі №281
«Сәулет-қала құрылысы
саласындағы мемлекеттік
көрсетілетін қызметтердің
регламенттерін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі №281 «Сәулет-қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3377 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерiстер енгізілсін:
орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады, қазақ тіліндегі қаулының 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті» деген 1-қосымшасында:
орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады, қазақ тіліндегі тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті»;
«1. Жалпы ережелер» деген тарауда:
орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады, қазақ тіліндегі 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №257 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, беру, жою болып табылады.»;
көрсетілген қаулының «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта, жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» деген 3-қосымшасында:
орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады, қазақ тіліндегі тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті»;
«1. Жалпы ережелер» деген тарауда:
орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады, қазақ тіліндегі 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар аудандары мен қалалары жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.»;
орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады, қазақ тіліндегі 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі.»;
«2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау» деген тарауда:
орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады, қазақ тіліндегі 5-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының № 257 бұйрығымен бекітілген «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағымен көзделген қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге табыстайды;».
2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А.Сатыбалдыға жүктелсін.
Д.А.Сатыбалды
Е.А.Әлімқұлов
Ж.Қ.Бөкенбаев
Е.Ә.Садыр
Ұ.Сәдібеков
С.Қ.Тұяқбаев
Р.Ж.Мүлкеманов
К.Н.Мендебаев