Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 17 сентября 2015 года №281 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере архитектурно – градостроительной деятельности»

Қаулы · № 325 · қабылданған 23.11.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2015-no281/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 17 сентября 2015 года №281 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере архитектурно – градостроительной деятельности» Күшін жойған Қаулы ·№ 325 ·23.11.2017
30.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 17 сентября 2015 года №281 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере архитектурно – градостроительной деятельности»

Күшін жойған Қаулы ·№ 325 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 17 сентября 2015 года №281 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере архитектурно – градостроительной деятельности»
Атауы (қаз.)
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі №281 «Сәулет-қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
325
Қабылданған күні
23.11.2017
Көрсетілген редакция
30.06.2020 116838_471840.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17U0004312
ЭКБ идентификаторы
116838
Редакция идентификаторы
116838_471840
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:11

0 Оңтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің 2015 жылғы
17 қыркүйектегі №281
«Сәулет-қала құрылысы
саласындағы мемлекеттік
көрсетілетін қызметтердің
регламенттерін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі №281 «Сәулет-қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3377 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 қазанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерiстер енгізілсін:
қаулының 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Құрылыс салу және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес;»;
көрсетілген қаулының «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» деген 1-қосымшасында:
«1. Жалпы ережелер» деген тарауда:
3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №257 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, беру, жою болып табылады.;
Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.»;
көрсетілген қаулының «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» деген 2-қосымшасында:
бүкiл мәтін бойынша «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» деген сөздері «Құрылыс салу және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну» деген сөздермен ауыстырылсын;
«1. Жалпы ережелер» деген тарауда:
3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №257 бұйрығымен бекітілген «Құрылыс салу және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттары (қосымша инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда);
жаңа құрылысқа бастапқы материалдар;
тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертумен байланысты қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдар;
Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.»;
көрсетілген қаулының «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» деген 3-қосымшасында:
«1. Жалпы ережелер» деген тарауда:
3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.».

2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны аумақтық әділет органында тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Оңтүстік Қазақстан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

4 4) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А.Сатыбалдыға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Д.А.Сатыбалды
Ә.Е.Тұрғымбеков
Б.С.Жамалов
Е.Ә.Садыр
Ұ.Сәдібеков
Т.Қ.Сәрсембаев
А.С.Сәбитов

Қолданыстағы