О внесении изменений в решение ХХХІІ сессии районного маслихата от 17 сентября 2015 года №32/283 «О повышении ставки земельного налога и ставки единного земельного налога на неиспользуемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельского хозяйственного назначения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение ХХХІІ сессии районного маслихата от 17 сентября 2015 года №32/283 «О повышении ставки земельного налога и ставки единного земельного налога на неиспользуемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельского хозяйственного назначения»
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 17 қыркүйектегі ХХХІІ сессиясының «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының ставкасын және бірыңғай жер салығының ставкасын жоғарылату туралы» №32/283 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 38/325
- Қабылданған күні
- 18.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 18.02.2016 100239_Some(60379).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16KQ003705
- ЭКБ идентификаторы
- 100239
- Редакция идентификаторы
- 100239_Some(60379)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:26
0 Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы
17 қыркүйектегі ХХХІІ сессиясының
«Қазақстан Республикасының жер заңнамасына
сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерге жер салығының ставкасын
және бірыңғай жер салығының ставкасын жоғарылату
туралы» №32/283 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 17 қыркүйектегі ХХХІІ сессиясының «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының ставкасын және бірыңғай жер салығының ставкасын жоғарылату туралы» №32/283 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3421 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 қазандағы «Шет Шұғыласы» №41 (10 557) газетінде, «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 23 қазанында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:»;
көрсетілген шешімнің атауы мынандай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы».