О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 17 июня 2016 года № 188 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача акта экспертизы (протокол испытаний), выдаваемой ветеринарными лабораториями»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 17 июня 2016 года № 188 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача акта экспертизы (протокол испытаний), выдаваемой ветеринарными лабораториями»
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 188 «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актілерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 240
- Қабылданған күні
- 22.09.2017
- Көрсетілген редакция
- 01.06.2020 115306_464581.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17Z0004914
- ЭКБ идентификаторы
- 115306
- Редакция идентификаторы
- 115306_464581
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:49
0 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2016 жылғы 17 маусымдағы № 188
«Ветеринариялық зертханалар
(сынау хаттамалары) беретін
сараптама актілерін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы №188 «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актілерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4496 тіркелген, 2016 жылдың 5 тамызында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актілерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – сараптама актісі (сынақ хаттамасы) не Стандарттың 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.»;
6-тармақтың 4)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік ветеринарлық дәрігер 3 (үш) жұмыс күні ішінде сынаманы алуды жүргізеді, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 9 шілдеде
№ 11618 болып тіркелді) бекітілген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларына (бұдан әрі – Сынамаларды алу қағидалары) сәйкес ветеринарлық ілеспе құжаттарды дайындайды, сынамаларды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушіге сынамаларды жолдау;»;
6-тармақтың 6)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) көрсетілетін қызметті берушінің бөлімі жеткізілген сынамаларды, ілеспе құжаттарды Сынамаларды алу қағидаларына сәйкес талдауды және тексеріп қарауды жүргізеді, мына мерзімдерде диагностикалық зерттеулер, ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізеді:
серологиялық зерттеулер бойынша:
классикалық – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
иммундық ферменттік талдау (ИФТ) – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде (сынамалардың жиналуына байланысты);
вирусологиялық зерттеулер – 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде (зерттеулер жөніндегі әдістемелерге байланысты);
молекулярлы-генетикалық зерттеулер (МГЗ) – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде (сынамалардың жиналуына байланысты);
бактериалогиялық зерттеулер бойынша:
микроскопия – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
биологиялық сынама – 70 (жетпіс) жұмыс күні ішінде (зерттеулер жөніндегі әдістемелерге байланысты);
паразитологиялық зерттеулер бойынша – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
тамақ өнімдерінің, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтау бойынша – 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;
тамақ өнімдерін міндетті және қосымша зерттеулер бойынша – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 «Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 10 наурызда № 10410 болып тіркелді) бекітілген сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларына сәйкес сараптама актісін (сынақ хаттамасын) дайындайды.
Нәтижесі - сараптама актісін (сынақ хаттамасын) дайындау;»;
2-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2
2. «Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С.Б.Нұрмағанбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығы
2017 жылғы «22» қыркүйектегі № 240
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша
«Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама
актiлерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
«Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығы