Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 17 мая 2016 года № 234 «Об утверждении Правил оформления и использования сопроводительных накладных на табачные изделия»

Бұйрық · № 699 · қабылданған 29.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2016-no-234/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 17 мая 2016 года № 234 «Об утверждении Правил оформления и использования сопроводительных накладных на табачные изделия» Күшін жойған Бұйрық ·№ 699 ·29.12.2016
01.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 17 мая 2016 года № 234 «Об утверждении Правил оформления и использования сопроводительных накладных на табачные изделия»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 699 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 17 мая 2016 года № 234 «Об утверждении Правил оформления и использования сопроводительных накладных на табачные изделия»
Атауы (қаз.)
"Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 234 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
699
Қабылданған күні
29.12.2016
Көрсетілген редакция
01.04.2020 109693_454144.kaz
Соңғы өзгеріс
01.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014782
ЭКБ идентификаторы
109693
Редакция идентификаторы
109693_454144
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:33

0 «Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 234 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 234 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13790 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 7 шілдеде болып жарияланды) өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркеу күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде қосу үшін жолдауын;

3 3) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауын;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 699 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 17 мамырдағы
№ 234 бұйрығымен бекітілген
Темекі өнімдеріне ілеспе
жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану
қағидалары

1 1–тарау. Жалпы қағидалары

1

1. Осы темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 шілдедегі Заңының 5-бабының 5-4) тармақшасына сәйкес әзірленген және жеке және заңды тұлғалары және (немесе) заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері темекі өнімдерін өткізу (жіберу), экспортқа қоса алғанда, ауыстырылу, қайтару, тасымалдау және импорттау бойынша операцияларын жүргізу кезінде темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрі – ТӨІЖҚ) ресімдеу және пайдалану тәртібін белгілейді.
Осы қағидаларының іс-әрекеті «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 574-баптың 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке және заңды тұлғаларына және (немесе) заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне таратылады.
Темекі өнімдерін өткізу (жіберу), экспортқа қоса алғанда, ауыстырылу, қайтару, тасымалдау және импорттау (бөлшек саудада өткізуді қоспағанда) бойынша операцияларын жүргізетін жеке немесе заңды тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімше жеткізуші болып танылады (бұдан әрі – жеткізуші).
Темекі өнімдерін өткізу (жіберу), экспортқа қоса алғанда, ауыстырылу, қайтару, тасымалдау және импорттау бойынша жеткізуші операцияларды жүргізгенде алушы темекі өнімдерін растау бойынша операцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімше алушы болып танылады (бұдан әрі – алушы).

2

2. Темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізуді қоспағанда, оларды өткізу (жіберу), экспортқа қоса алғанда, ауыстырылу, қайтару және тасымалдау бойынша операцияларын жүргізу кезінде, жеткізуші осы Қағидаларға 1-қосымшаға (бұдан әрі – 1-қосымша) сәйкес нысанда темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттары ресімдейді.
Қазақстан Республикасының аумағына темекі өнімдерін импортты кезінде ТӨІЖҚ-ны алушы 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы аумағының қиылысына дейін ресімдейді.
Орындалатын мәмілелерді жасау кезінде олардың негізінде жазба нысанында шартты жасасусыз темекі өнімдерін өткізу бойынша операцияларын жүргізу кезінде, темекі өнімдерін бір күнде өткізу тиісті олардың саны мен ассортиментті көрсетуімен жеткізуші 1-қосымшаға сәйкес нысанда ТӨІЖҚ ресімдейді.

2 2–тарау. Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын рәсімдеу мен пайдалану

3 3. ТӨІЖҚ темекі өнімдерін жеткізуші Интернет-ресурс («Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы) (бұдан әрі – бағдарлама) арқылы мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде электрондық түрде ресімделеді.

Бағдарлама темекі өнімін өндіру және айналым саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) Интернет-ресурсында (web-порталында) орналастырылады және салық төлеушілердің пайдалануы үшін қол жетімді болып табылады.

4 4. ТӨІЖҚ-нда келесі мәліметтер көрсетіледі:

1 1) ТӨІЖҚ-н нөмірі (бағдарламамен автоматты түрде береді);

2 2) ресімдеу күні және уақыты (бағдарламамен автоматты түрде қояды);

3 3) операция коды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес таңдап алынады;

4 4) жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) (жеткізуші енгізеді, ал импорт кезінде енгізілмейді);

5

5) темекі өнімдерін жеткізушінің атауы, оның заңды мекенжайы, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органның коды (осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде қояды) (темекі өнімдерін импорттау кезінде жеткізушінің атауы алушы қолмен енгізеді, заңды мекенжайы және орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органның кодын мәліметтердің орнына бағдарламаның анықтамасынан импорт елі таңдап алынады) және жөнелту мекенжайы (көрсетілген операцияның кодына сәйкес көрсетілген бағдарламаның тізімінен алынады);

6 6) жөнелту мекенжайының мемлекеттік кірістер органның коды (темекі өнімдерін импорттау кезінде толтырылмайды) (бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);

7 7) жеткізушінің түрі темекі өнімдерін өткізу (жіберу), экспортқа қоса алғанда, ауыстырылу, қайтару, тасымалдау және импорттау бойынша (бөлшек саудада өткізуді қоспағанда) жүзеге асырылатын операциясымен сәйкес анықталады (бағдарламаның көрсетілген тізімінен таңдап алынады);

8 8) темекі өнімдерін алушының ЖСН немесе БСН (операцияның кодына сәйкес экспортты қоспағанда) жеткізуші енгізеді, ал темекі өнімдерін импорттау кезінде алушы енгізеді. ТӨІЖҚ-ны ресімдеу кезінде «05» «06» және «07» операцияның кодтарына сәйкес жеткізушінің мәліметтері көрсетіледі;

9

9) темекі өнімдерін алушының атауы, оның заңды мекенжайы, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органның коды (экспортты қоспағанда, осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде береді) және жеткізу мекенжайы (операцияның көрсетілген кодына сәйкес бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады) (экспорт кезінде жеткізушінің атауы қолмен енгізеді, заңды мекенжайы және орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органның кодын мәліметтердің орнына бағдарламаның анықтамасынан экспорт елі таңдап алынады және жеткезу мекенжайынды толтыруға қажет емес);

10 10) алушының жеткізу мекенжайы бойынша мемлекеттік кірістер органның коды (экспортты қоспағанда, бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады, сонымен бірге қала және (немесе) облыс деңгейінде мемлекеттік кірістер органның кодын көрсету рұқсат етіледі);

11 11) шарттың нөмірі мен шарт жасалған күні немесе шарттың қосымшалары (болған кезде);

12 12) көліктің түрі: автомобиль, темір жол, әуе, мультимодалдык, теңіз, ішкі су және басқа (бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);

13 13) тасымалдаушы (жүкті жөнелтуші) туралы мәліметтерде (болған кезде) темекі өнімін тасымалдауды және (немесе) ауыстырылуды жүзеге асыратын жеке (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), ЖСН) немесе заңды тұлға (атауы, СТН) туралы деректер көрсетіледі (жеткізуші енгізеді, импорт кезінде – алушы);

14 14) көлік құралы туралы мәліметтерде (жеткізуші енгізеді, импорт кезінде – алушы):

автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде жеткізушіден кететін тауар – көлік құралының мемлекеттік нөмірі, тіркеменің нөмері;
темір жол көлігімен тасымалдау кезінде – көлік жүкқұжаттың нөмірі;
әуе көлігімен тасымалдау кезінде – әуе жүкқұжаттың нөмірі;
теңіз немесе ішкі су көлігімен тасымалдау кезінде – көлік жүкқұжаттың нөмірі;
мультимодалдык тасымалдау кезінде –тасымалдаудың бірінші модуліне жеткізушіден кететін тауар көлік жүкқұжаттың нөмірі немесе көлік құралының нөмірі көрсетіледі;

15 15) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) темекі өнімдерінің жалпы саны (осы тармақтың 24) тармақшасында көрсетілген темекі өнімдерінің көлемін қосу жолымен бағдарлама автоматты түрде данамен, килограммен, миллилитрмен) көрсетіледі);

16 16) сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) темекі өнімдерінің жалпы құны (осы тармақтың 27) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді қосу жолымен бағдарлама автоматты түрде көрсетіледі);

17 17) шарттың валютасы;

18 18) ТӨІЖҚ ресімдеу датасына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша шарттың валютасын бағамы (қолмен толтырылады);

19 19) жолдың реттік нөмірі;

20 20) темекі өнімінің атауы, маркасы (ЖСН-коды енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде енгізіледі);

21 21) темекі өнімінің жеке сәйкестендіру номер-коды (бұдан әрі – ЖСН-коды) (бағдарламаның ЖСН-кодтары анықтамасынан таңдап алынады);

22 22) қорапта темекі өнімінің саны (ЖСН-коды енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде енгізіледі);

23 23) темекі өнімдерін қорабының саны жеткізуші енгізіледі, ал импорт кезінде – алушы (данасымен көрсетіледі);

24 24) темекі өнімдерінің жалпы саны (данада, килограмда, миллилитрде көрсетіледі, осы тармақтың 22) және 23) тармақшаларындағы көрсетілген мәліметтерін көбейту жолымен бағдарлама автоматты түрде беріледі);

25 25) темекі өнімін бір қорабының бағасы (шарттың валютасымен көрсетіледі және жеткізуші енгізеді, импорт кезінде – алушы);

26 26) темекі өнімін бір қорабының бағасы (теңгемен көрсетіледі, осы тармақтың 18) және 25) тармақшаларындағы көрсетілген мәліметтерді көбейту жолымен бағдарлама автоматты түрде көрсетіледі, «06» және «07» операцияның кодтары бойынша толтыру қажет емес);

27 27) темекі өнімдерінің жалпы құны (теңгемен көрсетіледі, осы тармақтың 23) және 26) тармақшаларындағы көрсетілген мәліметтерді көбейту жолымен бағдарлама автоматты түрде көрсетіледі, «06» және «07» операцияның кодтары бойынша толтыру қажет емес);

28

28) жеткізуші жазып берген ТӨІЖҚ нөмірі, ал импорт кезінде алушы жазып берген (темекі өнімдерін немесе оның бөлшектерін қайтару кезінде қажеттілік болған жағдайда, ТӨІЖҚ-ы қабылдамау немесе растамау, сонымен қатар орындалатын мәмілелерді жасау кезінде олардың негізінде жазба нысанында шартты жасасусыз темекі өнімдерін өткізу мәліметтерді түзету енгізу кезінде толтырылады);

29 29) кестедегі жолдың жалпы саны.

5 5. ТӨІЖҚ уәкілетті органның серверіне жіберілгеннен кейін жеткізуші, ал темекі өнімдерін импорттау кезінде алушы қағаз тасығышта бір данада басып шығарады және тасымалдаушыға беріледі.

6

6. Темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлға алушы болып танылатын жағдайын қоспағанда, ТӨІЖҚ-ды ресімдеген күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күн ішінде ТӨІЖҚ-ды алушылар ТӨІЖҚ және темекі өнімдерін алғанын растау жолымен уәкілетті органға электрондық түрде бағдарламада ұсынады немесе бас тартады.
Бағдарламада ТӨІЖҚ-дың растауы, алушымен темекі өнімдерді алғаннан кейін және ТӨІЖҚ-да көрсетілген деректермен алшақтық болмаса жүзеге асырылады.
Темекі өнімдерін экспорттау кезінде және темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлға алушы болып танылатын жағдайда бағдарламада алушының растауы талап етілмейді.

7

7. ТӨІЖҚ-н алуды қабылдамаудың, растаудың немесе растамаудың мерзімінің бұзылуы кезінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес бағдарламада автоматты түрде темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттын алуды қабылдамаудың, растаудың немесе растамаудың мерзімінің бұзылуы туралы хабарлама нысаны бойынша құрастырылады.
Бағдарламадағы хабарламамен танысқаннан кейін алушылар ТӨІЖҚ-н алуды растайды немесе растамайды.

8

8. Осы Қағидалардың 4–тармағында белгіленген деректерді толық емес және (немесе) дұрыс емес көрсетіп, сонымен қатар орындалатын мәмілелерді жасау кезінде олардың негізінде жазба нысанында шартты жасасусыз темекі өнімдерін өткізу мәліметтерді түзету енгізу мақсатында ресімделген ТӨІЖҚ-ды жеткізуші (импорт кезінде – алушы) осындай ТӨІЖҚ ресімделген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жоюға тиіс.

9 9. ТӨІЖҚ жойылған жағдайда алушыға жолданатын жаңа ТӨІЖҚ жазып беріледі. Жаңа ТӨІЖҚ ресімдеу күнін бағдарлама автоматты түрде береді. Жаңа ТӨІЖҚ бастапқы ТӨІЖҚ жойылған күні ресімделеді.

10 10. ТӨІЖҚ-ды есепке алу бағдарламада темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттардың тіркеу журналында осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша автоматты түрде жүргізіледі.

ТӨІЖҚ ресімделгеннен кейін ТӨІЖҚ тіркеу журналына ТӨІЖҚ түседі және уәкілетті органның серверінде сақталады.

1 Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидаларына 1-қосымша

Нысан
Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаты
1) Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттың №-і
2) Рәсімделген күні және уақыты:
____ сағ. ____ мин.
3) Операцияның коды
_____________________________________
4) Жеткізушінің ЖСН (БСН) __________________________________
5) Жеткізушінің атауы, заңды мекенжайы, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органның коды және жөнелту мекенжайы
_____________________________________
6) Жөнелту мекенжайының мемлекеттік кірістер органының коды
_____________________________________
7) Жеткізушінің түрі
8) Алушының ЖСН (БСН) _______________________
9) Алушының атауы, заңды мекенжайы, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органның коды және жеткізу мекенжайы
____________________________
10) Жеткізу мекенжайының мемлекеттік кірістер органының коды ____________________________
11) Шарттың нөмірі мен шарт жасалған күні немесе шарттың қосымшалары (ол болған кезде) _____ 20_ ж. «__» ________
13) Тасымалдаушы (жүкті жөнелтуші) туралы мәліметтер
__________________________________________________________________
14) Көлік құралы туралы мәліметтер
15) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) темекі өнімдерінің жалпы саны. Барлығы: ___________ (дана/килограмм/миллилитр)
16) Сатылатын (тиеп-жөнелтілетін) темекі өнімдерінің жалпы құны. Барлығы: __________ (теңге)
17) Шарттың валютасы
18) Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу күніне шарттың валютасын бағамы
19)№
20) Те­ме­кі өні­мі­нің ата­уы, мар­ка­сы
21) ЖСН-ко­ды
22) Қо­рап­та те­ме­кі өні­мі­нің са­ны (да­на­да/ки­ло­грам­да/мил­ли­литр­де)
23) Қо­ра­бы­ның са­ны (да­на­да)
24) Жал­пы са­ны (да­на­да/ки­ло­грам­да/мил­ли­литр­де)
25) Шар­ттың ва­лю­та­сы­мен бір қо­ра­бы­ның ба­ға­сы
26) Бір қо­ра­бы­ның ба­ға­сы (тең­ге­мен)
27) Өні­мі­нің жал­пы құ­ны (тең­ге­мен)
28) Жет­кі­зу­ші жа­зып бер­ген те­ме­кі өнім­де­ріне іле­с­пе жүк­құ­жат­тың нө­мі­рі (те­ме­кі өнім­дер­ді неме­се оның бө­лі­гі қай­та­ры­л­ған, те­ме­кі өнім­де­ріне іле­с­пе жүк­құ­жат­ты қа­был­да­мау неме­се рас­та­мау, шартсыз қа­ты­на­сы жағ­дай­да)
29) Барлығы: ___ жол

2 Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидаларына 2-қосымша

Операциялар кодтары
Операцияның атауы
Операцияның коды
Темекі өнімдерінің өндірісін жүзеге асырушы тұлға көтере сатушыға өткізу және (немесе) жөнелту
01
Темекі өнімдерінің өндірісін жүзеге асырушы тұлға бөлшек сатушыға өткізу және (немесе) жөнелту
02
Темекі өнімдерінің көтерме саудамен өткізуді жүзеге асырушы тұлға көтере сатушыға өткізу және (немесе) жөнелту
03
Темекі өнімдерінің көтерме саудамен өткізуді жүзеге асырушы тұлға бөлшек сатушыға өткізу және (немесе) жөнелту
04
Темекі өнімдерінің көтерме саудамен өткізуді жүзеге асырушы тұлға бөлшек сатушыға өткізу және (немесе) жөнелту (орындалатын мәмілелерді жасау кезінде олардың негізінде жазба нысанында шартты жасасусыз)
05
Өткізуды мақсатсыз темекі өнімдерінің ауыстырылу/беру
06
Темекі өнімдерінің ішкі ауыстырылу
07
Темекі өнімдерінің қайтару
08
Темекі өнімдерінің экспортқа өткізу және (немесе) жөнелту
09
Темекі өнімдерінің импорты
10

3 Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидаларына 3-қосымша

Нысан
Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжатты алуды қабылдамаудың,
растаудың немесе растамаудың мерзімінің бұзылуы туралы
хабарлама
20__ ж. «___» _________
_______________________________________________________________
(мемлекеттік кіріс органының атауы)
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 20 жылғы «___» ________ № ____ бұйрығымен бекітілген, темекі өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және пайдалану қағидаларының 7-тармағына сәйкес, Сізді
__________________________________________________________________
(салық төлеушінің тегі, аты және әкесінің аты (жеке басын куәландыру құжатында көрсетілген жағдайда) немесе атауы)
ЖСН (БСН)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(нөмірі және табыс етудің кезеңі)
темекі өніміне ілеспе жүкқұжаттардың алынғанының қабылдамағаны, расталғаны немесе расталмағаны туралы хабардар етеді.
Осыған байланысты, Сіз тіркеу жеріңіздегі мемлекеттік кіріс органына 5 жұмыс күні ішінде түсініктеме беру үшін келуіңіз қажет.

4 Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидаларына 4-қосымша

Нысан
Темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжатының тіркеу журналы
ТӨ­ІЖҚ-ның кү­ні
__ ж. __ ___ ба­стап __ ж. __ _______ дей­ін
Жет­кі­зу­ші­нің ЖСН-і (БСН)
ТӨ­ІЖҚ-ның нө­мі­рі: _____________
Өтіп кет­кен күн­дер:_____________
Те­ме­кі өнім­де­ріне іле­с­пе жүк­құ­жат­ты рас­тау/рас­та­мау кү­ні
__ ж. __ ___ ба­стап __ ж. __ ________ дей­ін
Алушы­ның ЖСН-і (БСН)
________________________________
ТӨ­ІЖҚ мәр­те­бе­сі:
Ал­ғаш­қы тү­рі
Жой­ыл­ды
­Жі­бе­ріл­ді
Рас­тал­ды
Алын­ды
Рас­тал­ма­ды

ТӨ­ІЖҚ-ның кү­ні
ТӨ­ІЖҚ-ның нө­мі­рі
Жет­кі­зу­ші­нің ЖСН-і (БСН)
Алушы­ның ЖСН-і (БСН)
Опе­ра­ци­я­ның ко­ды
Жет­кі­зу­ші­нің тү­рі
Те­ме­кі өнім­де­ріне іле­с­пе жүк­құ­жат­ты рас­тау/қай­та­ру кү­ні
Өт­кен күн­дер­дің са­ны
Мәр­те­бе­сі
Іс-қи­мыл­дар
Көрсетілетін жолдардың саны: ____ барлығы ____

Қолданыстағы