О внесении изменения в решение Жанаозенского городского маслихата от 17 марта 2016 года № 49/423 «О повышении ставок земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения в городе Жанаозен»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Жанаозенского городского маслихата от 17 марта 2016 года № 49/423 «О повышении ставок земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения в городе Жанаозен»
- Атауы (қаз.)
- Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 49/423 «Жаңаөзен қаласында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 19/228
- Қабылданған күні
- 10.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 24.08.2020 121460_478916.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18MB003591
- ЭКБ идентификаторы
- 121460
- Редакция идентификаторы
- 121460_478916
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:54
0 Жаңаөзен қалалық мәслихатының
2016 жылғы 17 наурыздағы № 49/423
«Жаңаөзен қаласында пайдаланылмайтын
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге
жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату
туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 49/423 «Жаңаөзен қаласында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3026 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 509 бабының 5 тармағына және 704 бабының 3 тармағына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының әлеуметтік - экономикалық даму, бюджет, құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы, көлік және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Өтеев).
3
3. «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Ермұханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Жаңаөзен қалалық жер қатынастары
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының
міндетін атқарушы
А.Кетеева
10 сәуір 2018 жыл
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Маңғыстау облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Жаңаөзен қаласы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Е.Утеев
10 сәуір 2018 жыл