О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций и о признани утратившим силу решение Шымкентского городского маслихата от 17 марта 2016 года № 58/450-5с «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций и о признани утратившим силу решение Шымкентского городского маслихата от 17 марта 2016 года № 58/450-5с «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций»
- Атауы (қаз.)
- Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы және «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 58/450-5с шешімінің күшін жою туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 58/508-6с
- Қабылданған күні
- 11.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 22.06.2020 137198_468629.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19E0000078
- ЭКБ идентификаторы
- 137198
- Редакция идентификаторы
- 137198_468629
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:24
0
Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы және «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 58/450-5с шешімінің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Шымкент қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2
2. «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» Шымкент қаласының мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы №58/450-5с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3669 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 сәуірде «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;
3 3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі
Шымкент қаласы мәслихатының
2019 жылғы 11 желтоқсандағы
№58/508-6с шешіміне қосымша
Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының (одан әрі – Заң) 10-бабына сәйкес әзірленіп, Шымкент қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін (бұдан әрі - Тәртіп) қосымша реттейді.
2 2. Митингiлер, шерулер және демонстрациялар қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен қарсылық бiлдiрудiң нысандары ретiнде, сонымен қатар қоғамдық орындарда аштық жариялауды, киiз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыстар тұрғызуды және пикет қоюды түсiну керек.
2 2-тарау. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібі
3 3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш – Шымкент қаласының әкімдігіне беріледі.
4 4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініштерді еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегіз жасқа толған уәкілдері береді.
5
5. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш оны өткізудің белгіленген датасынан кемінде он күн бұрын жазбаша нысанда беріледі.Өтініште шараны өткізу мақсаты, нысаны, өткізілетін жері немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілдердің (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұратын және жұмыс істейтін (оқитын) жері, өтініштің берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның жергiлiктi атқарушы органда тiркелген күнiнен бастап есептеледi.
6 6. Шымкент қаласының әкімдігі өтiнiштi қарайды және өтiнiште көрсетiлген шараның өткiзiлетiн уақытынан кемiнде бес күн бұрын уәкiлдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешiм туралы хабарлайды.
7
7. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш берілген кезде осы Тәртіптің 4 және 5-тармақтарының талаптары сақталмаған жағдайда Шымкент қаласының әкімдігі жіберілген кемшіліктерді жоюды түсіндіре отырып, ресми жауап береді. Жаңа өтінішті қарастыру мерзімі оның түскен сәтінен бастап есептеледі.
7-1 7-1. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 12-бабына сәйкес, өтініш иесі қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, жоғары тұрған органға немесе сот органдарына жүгінуге құқылы.
8
8. Шымкент қаласының әкімдігі басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, өзге де инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтiнiш жасағандарға шараны өткiзудiң өзге уақыты мен орнын ұсынады.
9 9. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген орында өткiзiледi.
10 10. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi.
11 11. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушыларға:
1 1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
2 2) шағынауданның (тұрғын алаптың) инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
3 3) Шымкент қаласы әкімдігінің келісімінсіз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
4 4) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;
5 5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
6 6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға, және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне тыйым салынады.
12 12. Шымкент қаласының әкімдігі бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылдаған жағдайда, ұйымдастырушылар (уәкілдер) бұл туралы жұмыстарын тоқтату туралы дереу шара қолданып, әлеуетті қатысушыларға хабарлайды.
13
13. Егер, жиналысты, митингiнi, шерудi, пикетті немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының заңдарымен өзге денормативтiк актiлерiнiң басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, Шымкент қаласының әкімдігі бұларды өткізуге тыйым салады. Барлық жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер немесе демонстрациялар бейбіт сипатта болуы тиіс.
14
14. Темір жол, су және әуе көлігі объектілерінде, сондай-ақ қорғаныс қабілетін, мемлекеттің қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қалалық қоғамдық көлік, сумен, электр энергиясымен, жылумен және басқа да энергия тасымалдаушылармен жабдықтау) және денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінде бұқаралық іс-шаралар өткізуге жол берілмейді.