О внесении дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 17 октября 2016 года № 725 «Об утверждении Правил реализации и финансирования работ по строительству, реконструкции, ремонту, содержанию, диагностике, паспортизации и инструментальному обследованию автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 17 октября 2016 года № 725 «Об утверждении Правил реализации и финансирования работ по строительству, реконструкции, ремонту, содержанию, диагностике, паспортизации и инструментальному обследованию автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения»
- Атауы (қаз.)
- «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 17 қазандағы № 725 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 63
- Қабылданған күні
- 26.02.2025
- Көрсетілген редакция
- 26.02.2025 207600_746371.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035773
- ЭКБ идентификаторы
- 207600
- Редакция идентификаторы
- 207600_746371
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:56
0
«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 17 қазандағы № 725 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 17 қазандағы № 725 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14443 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру қағидаларында:
17-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялауды жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу сатысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келіседі. Келісу мерзімі күнтізбелік 14 (он төрт) күнді құрайды;».
2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі