О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 февраля 2016 года № 81 «Об утверждении Перечня товаров, в отношении которых применяются вывозные таможенные пошлины, размера ставок и срока их действия и Правил расчета размера ставок вывозных таможенных пошлин на сырую нефть и товары, выработанные из нефти»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 февраля 2016 года № 81 «Об утверждении Перечня товаров, в отношении которых применяются вывозные таможенные пошлины, размера ставок и срока их действия и Правил расчета размера ставок вывозных таможенных пошлин на сырую нефть и товары, выработанные из нефти»
- Атауы (қаз.)
- «Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 42
- Қабылданған күні
- 24.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 24.05.2019 131833_407140.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018729
- ЭКБ идентификаторы
- 131833
- Редакция идентификаторы
- 131833_407140
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:47
0 «Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13217 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесі, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімінде:
«Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлері, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі» деген 1-бөлімде:
мына:
«
8607 11, 8607 12, 8607 21 100 0 – 8607 99 800 0, 8607 19 900 0
Теміржол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөліктері: жиналған немесе бөлшектелген түрдегі біліктерден басқа; дөңгелек және оның бөлшектері
16,67 % бірақ 1 тоннасына 13,33 евродан кем емес
2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін
13,34 % бірақ 1 тоннасына 11,66 евродан кем емес
2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін
10 % бірақ 1 тоннасына 10 евродан кем емес
2018 жылғы 30 қарашадан бастап
»
деген жол алып тасталсын.
2 2. Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген
тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы
тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі