О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решение акима Баскольского сельского округа от 17 июля 2017 года № 1 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории крестьянского хозяйства «Айжана» село Башкуль Баскольского сельского округа Бескарагайского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решение акима Баскольского сельского округа от 17 июля 2017 года № 1 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории крестьянского хозяйства «Айжана» село Башкуль Баскольского сельского округа Бескарагайского района»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округі Башкөл ауылының «Айжана» шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Баскөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 26.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 26.02.2018 119716_301968.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VGB05530
- ЭКБ идентификаторы
- 119716
- Редакция идентификаторы
- 119716_301968
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:38
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және
«Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық
округі Башкөл ауылының «Айжана»
шаруа қожалығының аумағына шектеу
іс-шараларын белгілеу туралы»
Баскөл ауылдық округі әкімінің
2017 жылғы 17 шілдедегі
№ 1 шешімінің күші жойылды деп
тану туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 - бабы 2 - тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушысының 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 4 хаты негізінде, Баскөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс - шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округі Башкөл ауылының «Айжана» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.
2
2. «Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округі Башкөл ауылының «Айжана» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Баскөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 1 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тізілімінде 5171 нөмірмен тіркелген, 2017 жылғы 2 қыркүйекте «Бесқарағай тынысы» аудандық газетінде және 2017 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.