О внесении изменения в решение Тупкараганского районного маслихата от 17 марта 2017 года № 10/85 «Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки и земельного налога по сельскому округу Сайына Шапагатова»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Тупкараганского районного маслихата от 17 марта 2017 года № 10/85 «Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки и земельного налога по сельскому округу Сайына Шапагатова»
- Атауы (қаз.)
- Түпқараған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 10/85 «Сайын Шапағатов ауылдық округі бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), жер учаскелері үшін төлемақының және жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 20/172
- Қабылданған күні
- 18.05.2018
- Көрсетілген редакция
- 18.05.2018 122371_330459.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18MF003636
- ЭКБ идентификаторы
- 122371
- Редакция идентификаторы
- 122371_330459
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:27
0 Түпқараған аудандық мәслихатының
2017 жылғы 17 наурыздағы № 10/85
«Сайын Шапағатов ауылдық округі
бойынша жерді аймақтарға бөлу
жобасын (схемасын), жер учаскелері
үшін төлемақының және жер салығының
базалық мөлшерлемелеріне түзету
коэффициенттерін бекіту туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 10-15-242 ұсынысының негізінде, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 10/85 «Сайын Шапағатов ауылдық округі бойынша жерді аймақтарға бөлу
жобасын (схемасын), жер учаскелері үшін төлемақының және жер салығының
базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3338 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
кіріспесі келесідей мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8 және 11 баптарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 510 бабына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
2 2. «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап
күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Маңғыстау облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Түпқараған ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы»
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ж.Утепбергенова
18 мамыр 2018 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Сайын Шапағатов ауылдық
округінің әкімі
Ғ.Нұржаубай
18 мамыр 2018 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Түпқараған аудандық жер қатынастары,
сәулет және қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж.Кулдашов
18 мамыр 2018 жыл