О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата от 17 марта 2017 года № 111/15 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Экибастуз»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата от 17 марта 2017 года № 111/15 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Экибастуз»
- Атауы (қаз.)
- Екібастұз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 111/15 «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 102/16
- Қабылданған күні
- 17.02.2022
- Көрсетілген редакция
- 06.02.2024 164774_683661.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22PC026912
- ЭКБ идентификаторы
- 164774
- Редакция идентификаторы
- 164774_683661
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:27
0 Екібастұз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 111/15
«Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ШЕШТІ:
1 1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» №111/15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5461 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешім кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты шешті:»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.».