Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в совместное постановление акимата города Караганды от 17 мая 2017 года № 19/15 и решение Карагандинского городского маслихата от 10 мая 2017 года № 149 "О льготном проезде отдельных категорий граждан города Караганды для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)"

Қаулы · № 25/01 · қабылданған 16.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2017-no-1915-10-2017-no-149-ekb-131767/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении дополнения в совместное постановление акимата города Караганды от 17 мая 2017 года № 19/15 и решение Карагандинского городского маслихата от 10 мая 2017 года № 149 "О льготном проезде отдельных категорий граждан города Караганды для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)" Қолданыста Қаулы ·№ 25/01 ·16.05.2019
16.05.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в совместное постановление акимата города Караганды от 17 мая 2017 года № 19/15 и решение Карагандинского городского маслихата от 10 мая 2017 года № 149 "О льготном проезде отдельных категорий граждан города Караганды для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)"

Қолданыста Қаулы ·№ 25/01 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в совместное постановление акимата города Караганды от 17 мая 2017 года № 19/15 и решение Карагандинского городского маслихата от 10 мая 2017 года № 149 "О льготном проезде отдельных категорий граждан города Караганды для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)"
Атауы (қаз.)
"Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 19/15 және Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 149 бірлескен қаулысы және шешіміне толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
25/01
Қабылданған күні
16.05.2019
Көрсетілген редакция
16.05.2019 131767_406546.kaz
Соңғы өзгеріс
16.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19KA005353
ЭКБ идентификаторы
131767
Редакция идентификаторы
131767_406546
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:54

0

«Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 19/15 және Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 149 бірлескен қаулысы және шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65 бабының 3 тармағына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. «Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 19/15 және Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 149 бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4262 болып тіркелген, 2017 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, 2017 жылғы 1 маусымдағы № 68 (1798) «Взгляд на события» газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
1 тармағы келесі мазмұндағы 1-3) тармақшасымен толықтырылсын:
«1-3) жетім – балалар, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, дамуындағы мүмкіндіктері шектеулі болатын балалар, мүгедек балалар, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, ата – анасының бірінен айырылған балалар, жалғыз басты аналардың балалары арасынан күндізгі оқу нысанындағы барлық білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне – тегін жолақы;».

2 2. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласының еңбек және әлеуметтік сала жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұхтаров) және Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ирина Юрьевна Любарскаяға жүктелсін.

3 3. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы