О внесении изменения и дополнения в совместное постановление акимата города Караганды от 17 мая 2017 года № 19/15 и решение Карагандинского городского маслихата от 10 мая 2017 года № 149 «О льготном проезде отдельных категорий граждан города Караганды для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в совместное постановление акимата города Караганды от 17 мая 2017 года № 19/15 и решение Карагандинского городского маслихата от 10 мая 2017 года № 149 «О льготном проезде отдельных категорий граждан города Караганды для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)»
- Атауы (қаз.)
- «Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 19/15 және Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 49 бірлескен қаулысы және шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 19/01
- Қабылданған күні
- 17.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 17.03.2021 154252_515646.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21KA006277
- ЭКБ идентификаторы
- 154252
- Редакция идентификаторы
- 154252_515646
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:11
0
«Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы №19/15 және Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 49 бірлескен қаулысы және шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 5, 6 баптарына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. «Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 19/15 және Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 149 бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4262 болып тіркелген, 2017 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1 1) 1 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«2) зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге – тегін жолақы;»;
2 2) 1 тармағы келесі мазмұндағы 2-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«2-1) зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларға – тегін жолақы;».