О внесении изменений и дополнений в совместные постановление акимата города Караганды от 17 мая 2017 года № 19/15 и решение Карагандинского городского маслихата от 10 мая 2017 года № 149 «О льготном проезде отдельных категорий граждан города Караганды для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в совместные постановление акимата города Караганды от 17 мая 2017 года № 19/15 и решение Карагандинского городского маслихата от 10 мая 2017 года № 149 «О льготном проезде отдельных категорий граждан города Караганды для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)»
- Атауы (қаз.)
- «Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 19/15 және Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 149 бірлескен қаулысы және шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 31/02
- Қабылданған күні
- 29.06.2022
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2022 170006_584258.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22KA028743
- ЭКБ идентификаторы
- 170006
- Редакция идентификаторы
- 170006_584258
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:11
0
«Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 19/15 және Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 мамырдағы №149 бірлескен қаулысы және шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы №19/15 және Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 мамырдағы №149 бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4262 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 –тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) жәрдемақы мен зейнетақыларының мөлшері жиырма екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын зейнетақы алушыларға, жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдар (1 және 2 тізім бойынша) ретінде мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушыларға – тегін жолақы;»;
1–тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге – тегін жолақы;»;
1–тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«3) мүгедектерге – тегін жолақы;»;
1–тармақ келесі мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3) тармақшаларымен толықтырылсын:
«3-1) бірінші, екінші, үшінші топтағы он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата - анасының біреуіне – тегін жолақы;
3-2) бірінші, екінші топтағы мүгедектердің қорғаншыларына – тегін жолақы;
3-3) асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға – тегін жолақы;».