О внесении изменений в совместное постановление акимата города Караганды от 17 мая 2017 года № 19/15 и решение Карагандинского городского маслихата от 10 мая 2017 года № 149 «О льготном проезде отдельных категорий граждан города Караганды для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместное постановление акимата города Караганды от 17 мая 2017 года № 19/15 и решение Карагандинского городского маслихата от 10 мая 2017 года № 149 «О льготном проезде отдельных категорий граждан города Караганды для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)»
- Атауы (қаз.)
- «Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 19/15 және Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 149 бірлескен қаулысы және шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 26/01
- Қабылданған күні
- 17.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2023 179970_625683.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23KA638909
- ЭКБ идентификаторы
- 179970
- Редакция идентификаторы
- 179970_625683
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:47
0
«Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 19/15 және Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 мамырдағы №149 бірлескен қаулысы және шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы №19/15 және Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 мамырдағы №149 бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4262 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 –тармақтың 1-2) тармақшасы алып тасталсын.;
1–тармақтың 1-3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1-3) кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын жетім – балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, ата – анасының бірінен айырылған балаларға, жалғыз басты аналардың балаларына– тегін жолақы;»;
1–тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«3) екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – тегін жолақы;»;
1–тармақ келесі мазмұндағы 5) тармақшасымен толықтырылсын:
«5) 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға – тегін жолақы.».
2–тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Қаржыландыру көзі ретінде қалалық бюджет анықталсын және жоғарыда көрсетілген азаматтар санатына жеңілдетілген ұзақ пайдаланылатын жол жүру карталары берілсін.».
3–тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. «Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Қарағанды қалалық мәслихаты мен Қарағанды қаласы әкімдігінің бірлескен шешімі мен қаулысының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін».