Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 17 июля 2017 года № 357 «Об утверждении Правил набора призывников, военнообязанных, их направления и обучения на безвозмездной и возмездной основах, организации учебно-воспитательного процесса, а также сроки обучения по военно-техническим и иным специальностям в специализированных организациях Министерства обороны Республики Казахстан»

Бұйрық · № 674 · қабылданған 18.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2017-no-357/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 17 июля 2017 года № 357 «Об утверждении Правил набора призывников, военнообязанных, их направления и обучения на безвозмездной и возмездной основах, организации учебно-воспитательного процесса, а также сроки обучения по военно-техническим и иным специальностям в специализированных организациях Министерства обороны Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 674 ·18.08.2022
18.08.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 17 июля 2017 года № 357 «Об утверждении Правил набора призывников, военнообязанных, их направления и обучения на безвозмездной и возмездной основах, организации учебно-воспитательного процесса, а также сроки обучения по военно-техническим и иным специальностям в специализированных организациях Министерства обороны Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 674 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 17 июля 2017 года № 357 «Об утверждении Правил набора призывников, военнообязанных, их направления и обучения на безвозмездной и возмездной основах, организации учебно-воспитательного процесса, а также сроки обучения по военно-техническим и иным специальностям в специализированных организациях Министерства обороны Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
674
Қабылданған күні
18.08.2022
Көрсетілген редакция
18.08.2022 170980_588919.kaz
Соңғы өзгеріс
18.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029277
ЭКБ идентификаторы
170980
Редакция идентификаторы
170980_588919
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:33

0

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15517 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және «Мемлекеттiк статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларында, сондай-ақ оқу мерзімдерінде:
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«65. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы шешім қабылдаса, әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
«Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;
көрсетілген Қағидаларға 2-1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және реформалар
агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрі
2022 жылғы 18 тамыздағы
№ 674 Бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Қорғанысминистрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларына, сондай-ақ оқу мерзімдеріне 2-1-қосымша
«Аза­мат­тар­ды әс­ке­ри-тех­ни­ка­лық және бас­қа да әс­ке­ри ма­ман­дық­тар бой­ын­ша да­яр­лау» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
ҚР ҚМ жер­гі­лік­ті әс­ке­ри бас­қа­ру ор­ган­да­ры
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
1) бі­рін­ші ке­зең­де – құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні;
2) екін­ші ке­зең­де – оқу­ға қа­был­дау ту­ра­лы­ха­бар­ла­ма­да көр­се­ті­л­ген са­бақ­тар ба­стал­ған сәт­тен ба­стап 42 (қы­рық екі) жұ­мыс кү­ні.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
1) бі­рін­ші ке­зең­де – аза­мат­тар­ды әс­ке­ри-тех­ни­ка­лық және бас­қа да әс­ке­ри ма­ман­дық­тар бой­ын­ша да­яр­ла­у­ға қа­был­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма неме­се осы мем­ле­кет­тікқыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап;
2) екін­ші ке­зең­де – әс­ке­ри оқы­ты­л­ған ре­зерв­ті да­яр­лау бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша оқу­ды аяқ­та­ға­ны ту­ра­лы сер­ти­фи­кат бе­ру.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық.
6
Мем­ле­ке­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стрі­нің 2017 жы­л­ғы 12 шіл­де­де­гі № 350 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 15861 бо­лып тір­кел­ген), Әс­ке­ри-тех­ни­ка­лық және өзге де ма­ман­дық­тар бой­ын­ша дай­ын­дық қа­ғи­да­ла­ры­ның 19-тар­ма­ғы­на сәй­кес өте­улі негіз­де бі­лім ала­тын әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы­лар (әс­ке­ри мін­дет­ті­лер) оқу үшін тө­лем­ді олар­дың ақ­ша қа­ра­жа­тын ҚР ҚМ ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ы­мы­ның есеп­тік шо­ты­на ауда­ру жо­лы­мен жүр­гі­зе­ді.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін тө­лем оқу үшін алы­на­ды, ол бі­лім алушы­ны әс­ке­ри оқы­ты­л­ған ре­зерв бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша да­яр­лау құ­ны­ның каль­ку­ля­ци­я­сы­на сәй­кес 305 000 тең­ге­ні құ­рай­ды.
Оқу үшін тө­лем қол­ма-қол және қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер мен банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) ЖӘ­БО-да – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, түс­кі ас­қа үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін;
2) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы, әс­ке­ри мін­дет­ті жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш жа­са­ған кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау кү­ні ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні бо­лып та­бы­ла­ды). Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​mod.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
2) www.​egov.​kz пор­та­лын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі:
ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры ұсын­ған әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы­ның, әс­ке­ри мін­дет­ті­нің або­нент­тік нө­мі­рі пор­тал­дың есеп­тік жа­з­ба­сы­на тір­кел­ген және қо­сы­л­ған жағ­дай­да әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы­ның, әс­ке­ри мін­дет­ті­нің элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен неме­се бір рет­тік па­роль­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге өті­ніш;
осы Қа­ғи­да­лар­ға 4-1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ме­ди­ци­на­лық ку­әлан­ды­ру кар­та­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сін әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы, әс­ке­ри мін­дет­ті мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту өті­ні­шіне тір­кей­ді. Әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы­ның, әс­ке­ри мін­дет­ті­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын (сәй­кестен­ді­ру үшін) құ­жат ту­ра­лы, сот­ты­лы­ғы­ның бо­луы не бол­мауы ту­ра­лы, соң­ғы тұр­ғы­лық­ты же­рі неме­се уа­қыт­ша тір­кел­ген же­рі,әс­ке­ри есеп­те тұр­ған ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді ЖӘ­БО «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
ЖӘ­БО мы­на­дай негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну­дан бас тар­та­ды:
1) әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы, әс­ке­ри мін­дет­ті мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) нақ­ты еме­сті­гін анық­тау;
2) әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы­ның, әс­ке­ри мін­дет­ті­нің және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің «Әс­ке­ри қыз­мет және әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер­дің мәр­те­бе­сі ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 12-ба­бын­да және осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы бой­ын­ша­мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
Әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы­лар­ды, әс­ке­ри мін­дет­ті­лер­ді оқы­ту өте­улі негіз­де – 1 ақ­пан мен 20 жел­тоқ­сан ке­зе­ңін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы, әс­ке­ри мін­дет­ті оқу­ды аяқ­та­ған­нан және әс­ке­ри оқы­ты­л­ған ре­зерв­ті да­яр­лау бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша оқу­ды аяқ­та­ға­ны ту­ра­лы сер­ти­фи­кат­ты ал­ған­нан кей­ін оқу­ға қа­был­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лық­та­ры­ның ин­те­гра­ци­я­лан­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­сін­де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті жа­бу үшін ЖӘ­БО-ға қай­та­ры­лу­ға ти­іс.
Әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы­ның, әс­ке­ри мін­дет­ті­нің қа­шық­тық­тан қол­же­тім­ді­лік ре­жи­мін­де ЖӘ­БО-ның анық­та­ма қыз­ме­ті, Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414, 8 800 080 7777 те­ле­фо­ны ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту бел­гі­сі ту­ра­лы ақ­па­рат алу мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​mod.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да, сон­дай-ақ Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның www.​gov4c.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414, 8 800 080 7777 те­ле­фо­ны ар­қы­лы алу­ға бо­ла­ды.

2 Өтініш

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2022 жылғы 18 тамыздағы
№ 674 Бұйрыққа
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Қорғанысминистрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларына, сондай-ақ оқу мерзімдеріне
2-2-қосымша
Нысан
___________________________________
______________________бастығына
__________________________________
__________________________________
мекенжайы бойынша тұратын __________________________________
(тегі, аты әкесінің аты (ол болған кезде)
телефоны___________________________
Өтініш
Мені «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық
мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалына
түсу үшін кандидат ретінде қабылдауыңызды сұраймын.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
Күні __________________
Қолы _________________

3 20___жылғы «___» ________ арналған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында даярланған әскери-техникалық және өзге де мамандар, бар кемшіліктер және _______________________________ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мамандандырылған ұйымының оларды жою жөнінде қабылдайтын шаралары туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2022 жылғы 18 тамыздағы
№ 674 Бұйрыққа
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Қорғанысминистрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларына, сондай-ақ оқу мерзімдеріне 6-қосымша
Әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысан
20___жылғы «___» ________ арналған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында даярланған әскери-техникалық және өзге де мамандар, бар кемшіліктер және
_______________________________ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мамандандырылған ұйымының оларды жою жөнінде қабылдайтын шаралары туралы ақпарат
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментіне
Әкімшілік деректер нысаны www.mod.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында даярланған әскери-техникалық және өзге де мамандар, бар кемшіліктер және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат.
Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-сандық мәні): Н6-ӘТМ.
Кезеңділігі: көктемгі және күзгі әскерге шақыру аяқталғаннан кейін.
Есепті кезең: жыл сайын 30 маусымға және 31 желтоқсанға қарай.
Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: жергілікті әскери басқару органдары
Ұсыну мерзімі: 30 маусымнан және 31 желтоқсаннан кешіктірмей.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында даярланған әскери-техникалық және өзге де мамандар, бар кемшіліктер және оларды жою жөнінде қабылдайтын шаралары туралы ақпарат, осы қосымшаға тіркелген әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысан «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында даярланған әскери-техникалық және өзге де мамандар, бар кемшіліктер және оларды жою жөнінде қолданылатын шаралар туралы ақпарат» қосымшасына сәйкес толтырылады.
Р/с№
Оқу взвод­та­ры­ның нө­мір­ле­рі және олар­дың бей­і­ні
Қор­ға­ныс іс­те­рі жө­нін­де­гі де­пар­та­мент­тің жос­па­ры бой­ын­ша құ­ру мер­зі­мі
Нақ­ты құ­ру мер­зі­мі
Да­яр­лау мер­зі­мі
20__ ж. «___» ______
20__ж. «___»______
Адам са­ны
Ес­керт­пе
ірік­те­ліп алын­ды
шы­ға­рыл­ды
1
2
3
4
5
6
7
8
Бар­лы­ғы:
Атауы _________________________
Мекенжайы________________________________________________________
Телефоны __________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы_______________________________________
Орындаушы _________________________ _____________
(тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде) телефон
Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға өкілеттік берілген адам
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде), қолы)

3.1 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында даярланған әскери-техникалық және өзге де мамандар, бар кемшіліктер және оларды жою жөнінде қолданылатын шаралар туралы ақпарат» әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысанға

қосымша
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында даярланған әскери-техникалық және өзге де мамандар туралы ақпарат.
(индексі: Н6-ӘТМ, кезеңділігі: көктемгі және күзгі әскерге шақыру аяқталғаннан кейін)

1

1. Осы әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында даярланған әскери-техникалық және өзге де мамандар, бар кемшіліктер және оларды жою жөнінде қолданылатын шаралар туралы ақпарат» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

2 2. Нысан «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген.

3 3. Нысанды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында даярланған әскери-техникалық және өзге де мамандардың санын көрсете отырып, жергілікті әскери басқару органы толтырады.

4 4. Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі даярланған әскери-техникалық және өзге де мамандардың(адам) санында белгіленеді.

5 5. Нысанға бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға өкілеттік берген адам қол қояды.

Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

6 6. 2-бағанды толтыру кезінде оқу взводының нөмірі және олардың даярлық бейіні көрсетіледі.

7 7. 3-бағанда Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жоспары бойынша оқу взводын құру мерзімі көрсетіледі.

8 8. 4-бағанда оқу взводын құрудың нақты мерзімі көрсетіледі.

9 9. 5-бағанда әскери-техникалық және өзге де мамандарды даярлау кезеңі көрсетіледі.

10 10. 6, 7-бағандарда техникалық мамандардың іріктелген нақты саны көрсетіледі.

Қолданыстағы